A következő címkéjű bejegyzések mutatása: Nurlan Abishev. Összes bejegyzés megjelenítése
A következő címkéjű bejegyzések mutatása: Nurlan Abishev. Összes bejegyzés megjelenítése

2021. február 21., vasárnap

Бори Липкамен бірге жексенбілік "Таңшолпан"

 

Жужа Калаш: Сөзотау

Боридің ақын Нұржан Түменов пен жазушы Зәуре Төреханмен интернет арқылы ағылшын тілінде жүргізген сұқбатын енді Қазақ тілінде оқи аласыз.

Сәлем! Менің есімім Бори мен Мажар тобына Сөзотау жобасы жайында біраз материал дайындауға көмек беріп жүрмін. Өздеріңіз туралы қысқаша айтып берсеңіздер? Кім боласыздар, осы жобаға қалай келдіңіздер, қазір немен айналысасыздар және тағы да өздеріңіз айтқыңыз келген нәрсе бар болса да айтыңыз. 

Зауре: Сәлем, мен бастайын. Есімім Зауре, мен жазушымын және Қазақстанда, Нұр-Сұлтанда тұрамын. Бұл жобаны Норамен бірге бастадық, маған бұл жоба өте ұнады. Досым, ақын Нұржан да бүгін біздің әңгімеге қосылып отыр, ол осы жоба бойынша өз пікірін білдіріп, алған тәжірибесі жайында айтып беретініне өте қуаныштымын.
Нұржан: Сәлем, менің атым Нұржан. Бұл жобаға Зәуренің шақыруымен келдім. Бір бірімізді бірнеше жыл бойы танимыз, оның жазушы, балаларға арнап жазатынын білемін. Әлеуметтік желілерде хабарласып тұрамыз, оның табысқа жеткен Әмина қыз туралы кітабын көріп, естідім. Ол да, мен актер болсам да, бос уақытымда біраз поэзия мен прозамен де айналысатынымды біледі. Бір күні маған осы қазақ-мажар жобасына қатысуды ұсынды. Міне, жобаға осылай іліндім. Мажарлармен алғаш рет жұмыс істегендіктен бұл жоба мен үшін қызық көрінді.
 
Ия, расымен де, біз Қазақстаннан алшақ орналасқанбыз.
Нұржан: Иә. Бірақ Зәуре екеуміз де бір бірімізді оффлайн көрмедік. Ол ел астанасында тұрса, мен Алматыдамын, 1000 кмдей алшақтық. Ол жер суық, мұнда болса жылы. Біз қыста солтүстікке онша бара бермейміз. Астанаға ат басын қараша айында тіреп едім, суық болғаны сондай, далаға шыққың да келмейді. Мен ол жаққа қыста сүйресең де бармаймын.

2021. február 12., péntek

Марианн Таллиан: Әмірші мен домбырашы қыз

Суретші: Эстер Собослай

Негізгі сөздер: домбыра, патша, көкжиек (dombra, fejedelem, láthatár)

Кіре тартқан керуендер шалғайдағы сахара жұртының қуанышы мен жұбанышына айналған жібек жолының бойындағы шөлейт даланы басып өтетін тұста – қарлы шыңдардың құшағында Алматы деп аталатын сұлу да, тәкаппар шаһар бар. Ежелден бері тәтті алманың мекеніне айналған бұл шаһардың  аты да осыған байланысты аталса керек. Алма ағаштары елжіреген көктемнің көктегі нұрынан бүршік атып, гүлдей бастаған. Шудалары мақпалданған бұлттан қашқан жібек жел алма ағаштарының күлтелерін ұшырып, тіптен алысқа алып кетіп жататын. Көк аспанда ұшқан ақ мамықтар шаһардың көшелері мен үйлерін бүркеп қалатын.
Желкілдеген көк майсаны көріп желіккен балалардың шаштарына кішкентай гүл күлтелері келіп қонатын. Алма ағаштарының саясында өскен балалар алақайлап жүгіретін. Желге қарсы қойылған қоңырауларға жан бітіп, үні үздігіп естілетін. 
Сарайынан шыққан әмірші мұнараның ұстынына сүйеніп, көкжиекке көз салды.
Қарлы шыңдардың  көз жетпес тұсында сағым ойнаған сар дала. Көп жасаған көне шежіре. 
Әміршінің жүрегі кір басқандай шерлі еді. Оның мұңы белгілі бір шегі жоқ, тұрағы жоқ көкжиек секілді шексіз де, шетсіз еді. Көмейінен лапылдаған қара уайымы өзіне ғана аян. Бақыт, байлық, бәрі бар бір басында. Қара басындағы қара тұман – шын ынтазар жанын кездестіре алмауы еді. Шынайы махаббатқа зәрулік көзінің алдын көк тұман етті. Ақша бұлттан , жалыннан , ақ нөсерден, гүлдердің бүршігінен нәзік бір сезім іздейтін. 
Сарай қақпасының алдында домбырашы бір қыз күй тартатын.  Ондайда әміршінің кеуде тұсындағы бұлты ыдырап, көңіл сарайы ашылатын. Домбыраның көмейі сөйлеп жатқандай ұғынатын. 
Домбырашының  киімі өте жұпыны еді. Тозығы жеткен шалбары, көнетоз былғары шәркейі, бірнеше қабат аққа көкті жамаған бешпенті бар еді. Тік жағалы кең мол пішімді көйлегінің жағасын қыш түймемен түймелеп қойған. Бұл киімдер жұпыны болса да оның сымбатты мүсінін сырт көзден көлегейлеп тұратын. Оның осы бір сырт көзге оғаштау көрінетін киімінің ішінде ең сәнді көрінетіні теріден тігілген бас киімі еді. Төбесінен иығына дейін төгілген шашақтар оның қос бұрымын жауып тұратын. 
Күйші қыз тоқыма төсеніштің үстінде отырып, бірде жеделдетіп, бірде сарынын алыстатып көкке серпілте төгілтетін күйін. Әмірші әдетімен сарайының терезесінен сыртқа көз тігіп, күй сазының сиқырлы үніне елтіген. Күйде мұндай сурет барын-бұрын соңды дәл осылай сезінбеген.
Түймелерді алақанына саумалап ұстап сілкіп қалды. Сыңғырлаған әсем әуен естілді. Әмірші бірнеше алтын ділдәны терезеден лақтырды. Домбырашы қыз сыңғырлай төгілген ділдәларға елеусіз ғана көз тастап, кер бестіге мініп, кең өлкені кезгендей екі шекте саусағы безілдей жорғалады. Күңіренді, тұншықты, аласұрды. 
Бір күні әмірші елең-алаңда оянған. Тұнық көктің тұнық нұры сарай дәліздерін аралап, аппақ қабырғаларға шағылыса, бөлмелерді алтын шұғылаға малып тұрған. Өз-өзінен мазасызданып, әбігерленген әмірші домбырашы қыздың қоңыр сазды күйін іздеді. Ешқандай әуен естілмеді, сарайда мүлгіген тыныштық орнады.
Әмірші күйші қыздың өзі не болмаса жақын біреуі ауырып қалды ма екен, әлде өзіне басқа бір жайлы орын іздеп кеткен шығар деп ойлады. Көңілі жабырқау тартты. Алаңдап, бүгін-ертең келіп қалар деп күтті. Мазасызданды. Әміршінің жабырқаған көңіліне медеу болатын домбыра үні естілмеді. Оған бүкіл мына  әлем мұңға батқандай сезілді.
Келесі күні ол төсектен тұра сала сыртқа көз салды. Күйші қызды іздеді, бірақ ол көрінбеді. Әміршінің ұйқысы қашты, күні-түні  дөңбекшіп, түсінбес дертке шалдықты. Уайым-мұңы есінен адастыратынын сезген ол күйші қызды іздеуге бел буды.
Ол тез арада алтын түсті зерлі жібек шапанын жыртық жұпыны күртешеге, жібек шалбарын тозығы жеткен шалбарға ауыстырып, алтын зерлі бас киімінің орнына  бөрік киді. Хош иісті маймен сылайтын бұйра шашын тарақ тимегендей қобыратып қойды. Сөйтіп күйші қызды іздеуге шықты.  Тіршілігі қайнап жатқан шаһардың бас алаңына жеткен ол сапырылысқан жұртпен бірге мешіт қақпасының алдына тоқтап айналасына көз салды. Мешіттің алтындаған күмбездері күн нұрының шұғыласымен жарқырап көрінді.
Сол сәтте домбыраның сазды үні естілді. Кеудесі дүрсілге толған әмірші әуен шыққан жаққа жетуге асықты. Бірақ жақындай бере тоқтап қалды. Жаны мен жүрегін баурайтын таныс әуенге мүлде ұқсамайды. Бұл жолы домбырадан шыққан нәзік үн оны  баурай алмады. Жат секілді. Күйін аяқтаған домбырашы алақанын жайып тілемсектенді. Әмірші оған жақтырмай қарап:
– Басында шашақты бас киімі бар, аяғына бізтұмсық шәркей киген талдырмаш домбырашы қызды білесің бе? - деп сұрады.
– Иә, танимын. Бірақ ол бұл шаһардыкі емес. Ол  үнемі әмірші сарайының жанында отыратын. Табысы да бізге қарағанда мол еді. Соны білген қарақшылар оны тонап, бар ақшасын тартып алып, өзін шөлейтті жерге тастап, тентіретіп жіберіпті. Оған жаным ашиды және қатты аяимын - деді ол домбырасын  жәймен шерте отырып. – Мұнда қайыршы болу азап. Кедейлер қатты қорлануда, - деді ол күңіреніп.
Әмірші бұл сөзге қатты таңырқады. Ол өз жұрты алма ағаштардың саясында бақытты өмір сүріп жатқанына кәміл сенетін-ді. Кері қайтқан әмірші жолай жолдағы, базардағы адамдардың мұң-мұқтажына құлақ түрді. Олар кедейлік пен аштық туралы айтты. Алтын сарайда аста төк байлыққа кенеліп өмір сүріп жатқан әмірші халықтың кедейленген, тақырланған жағдайынан бейхабар екеніне налыды. Өзі қаншалықты бай болса, халқы соншалықты кедей екеніне көзі жетті. 
Сарайына әл-дәрмені құрып, әрең жетті. Келесі күні ол уәзірлерімен, кеңесшілерімен, ақсақалдармен мәжіліс құрып, ел жағдайын егжей-тегжейлі сұрады. Басқосуда кеткен кемшіліктерді анықтап, есеп-қисап жүргізді. Қазынадағы байлықтарын ақшаға айырбастады. Ол халық қарғысына ұшырамау үшін, һәм шаһар жұртын қуанту үшін жаңа заңдар шығарды. Қарбаласқа толы күннен кейін ол қатты шаршап ұйқыға кеткен. Таңертең ол әдеттегіден ерте оянды. Жүзі сынық. Жан дүниесіндегі жалғыздық жүрегін езіп барады. Оның емі – домбыраның сыңғырлаған әсем қоңыр үні мен құлын мүсін нәзік қыз еді.
Әмірші бір апта бойы шөлейт даланы кезді. Онда дала тышқанынан басқа бірде бір тіршілік иесі жоқ сияқты көрінді. Әбден қалжырап әлсіреген ол тұлпарынан түсті. Үрейлі бейнелерді елестететін сұрқай жартастың көлеңкесіне отыра кетіп, аздап демалғысы келді. Ол қызғылт-қоңыр тас үйіндісіне көз жүгіртіп еді, ол жер өте қорқынышты көрінді. Кенеттен... иә, кенеттен домбыра үні естілді. Құм үстіне төселген төсеніште жападан жалғыз домбыра тартып отырған сұлу қызды көзі шалды. Таныс, тартымды бейне. Даланың сұрапыл желі аяусыз соғып, құмды көз ашырмай ұшырып жатты. Қыз домбырасынан мұңлы да, өртті саз ыңырана шығып, көздің жасын, көңілдің мұңын шертіп жатты. Тағдырдың тәлкегіне түскен қыз жақындап келе жатқан адамды байқады да:
–  Менің қарным аш, шөл де қысып барады, - деді  әлсіз дауыспен.
Әмірші әбден қалжыраған қызды демеп, тұлпарына мінгізді. Сарайына алып келді. Қызметшілер оны тамақтандырды, жуындырды. Зерлі киім кигізіп, шашын тарап, жұпар маймен майлады. Жүрегін бақыт кернеген әмірші қыздың киелі пернеде ойнаған әуен саздарын естіп, жанына жұбаныш тапты. Аулаға  шығып, айналаға көз сала қарады. Батып бара жатқан күннің алқызыл жалқынына шомылған көкжиекте бақыт пен бақтың дәні қаулап өсіп тұрғанын көріп шаттанды.

Аудармашылар: Эржибет Антафи-Фаркаш, Зауре Төрехан, Бабақұмар Хинаят. Редактор: Ділдәр Мамырбаева


Нұрлан Әбішев: дос (barát)

Tallián Mariann: A fejedelem

Illusztráció: Szoboszlay Eszter

Kulcsszavak: dombra, fejedelem, láthatár (домбыра, патша, көкжиек)

Valahol a Selyemút mentén, ahol tevekaravánok keltek át a pusztákon, hogy rakományaikkal megörvendeztessék messzi földek lakóit, a hófödte csúcsok védelmező ölelésében büszkén terült el egy kis városka, melyet úgy neveztek, Almati. Az almafákról kapta a nevét, azokról a fákról, melyek öröktől fogva teremnek azon a vidéken. Az első tavaszi napsugarak jótékony melegére virágba borultak, és ha odafenn a magasságos meglebbentette kaftánjának szélét, a felkerekedő szél a fák fehér virágainak szirmait messze fújta. A levegőben úgy szálltak a szirmok, mintha hóval lepnék be a házakat és az utcákat. A gyermekek ég felé tárt karokkal köszöntötték a tavasz első sugarait, miközben ellepte hajukat a sok apró szirom. Az almafák alatt nőttünk, kiáltották, miközben a szélcsengők csilingelésének hangja messze elhallatszott.

2021. február 2., kedd

Miklya Luzsányi Mónika: Három éjszaka

Illusztráció: Vajda Melinda

Kulcsszavak: bíbor, erdő, kard (түс, дыбыс, ай)

„A fiúnak három neve volt. Attala. Ámbár. Kürjele. És három álma. Az egyikben Attala volt, a másikban Ámbár, a harmadikban Kürjele. Amikor felébredt egy álomban, mindig tudta, Attala ébredt, Ámbár vagy Kürjele. Amikor felébredt az álomból, sohasem tudta, ki ő.”
Miklya Zsolt

Mia nem tudott aludni. Kereken, fényesen világított a hold, a várost valami érthetetlen feszültség tartotta ébren.
„Valami készül – gondolta Mia –, valami nem jó, valami félelmetes.”
Nem akart egyedül maradni ezzel a feszültséggel, nem akart egyedül maradni a várakozással, nem akart magányosan szembenézni ezzel az egyre növekvő félelemmel.
Attalára gondolt, a fiúra, akivel az újhold idején találkozott. Akkor sötét volt az éjszaka. Túl sötét ahhoz, hogy aludni tudjon. A város is vak sötétségbe burkolódzott, senki és semmi sem mozdult a sikátorok ódon, kőből rakott házai között. Csak egy dallam szállt az éjszakában, egy ismeretlen, távoli dallam.

Mia felöltözött, és elindult, hogy megkeresse a muzsikust. Ment a sötét városon keresztül. Látni szinte semmit sem látott, csak a füle vezette, a dallam volt a kalauza. Ez az ismeretlen, édes dallam.
A fiút a tengerparton találta meg. A dagály elöntötte a vidéket, csak egy keskeny, mólószerű sáv nyúlt be hosszan a vízbe. A fiú a homokpad végén ült, szemben vele a végtelen, fekete víztömeg.
Mia nem ismerte a hangszert, amit pengetett, a nyelvet sem, amin énekelt, mégis értette minden szavát. Tudta, hogy a holdhoz szól, azt hívja, csalogatja elő a hullámok sötétjéből. És egyszer csak felbukkant a holdsarló a sötét égen. Olyan volt, mint egy csónak, pont olyan. Végiglebegett a tenger hullámain, és engedelmesen kikötött a homokpadnál, a fiú lába előtt.
A fiú felállt, és megfogta Mia kezét. Magas volt, délceg, a szeme feketén ragyogott.
– Gyere velem, Mia! – mondta a lánynak. – Elviszlek apám udvarába, feleségül veszlek, és te leszel a legtündöklőbb hercegné a föld kerekségén.
– Miért, ki vagy te? – kérdezte Mia döbbenten.
– Attala, a keleti ég hercege. Gyere velem, és boldog leszel.
– Nem mehetek – rázta a fejét Mia –, még nem mehetek...
A fiú durcásan rántotta meg a vállát:
– Hát jó. Ahogy gondolod. Még kétszer eljövök érted. De nem biztos, hogy meg fogsz ismerni.
– Miért? Miért ne ismernélek meg? – kérdezte Mia, hiszen úgy érezte, Attala arcvonásai örökre belé égtek.
– Mert én leszek, és mégsem én. Mintha egy álomban, meglátod majd a többi arcom is.
Mia szeretett volna még kérdezni valamit, de a csónak egyre távolodott, és lassan nem volt más, mint egy keskeny holdsarló az égen.

Mia ezek után minden éjszaka kiment a tengerpartra. Leült az egyre szélesedő homokpadra, és várta vissza a herceget. De hiába nézte a holdat, annak nem volt többé csónak alakja. Egyre csak gömbölyödött, dagadt, lassan már félholdként ragyogott, és nem akart a földre szállni. Ám Mia csak várt, várta a hercegét. Várta akkor is, amikor dacosan hullámzott a tenger, amikor viharosan verte, tépte magát. Mia érezte a sós víz ízét a szájában, és már maga sem tudta, hogy a tenger vagy a saját könnyeinek ízét érzi. Így várta Attalát minden éjszaka, várta egészen addig, amíg a hajnal első sugarai meg nem jelentek az égen, amíg a város fehér falai fel nem ragyogtak az éjszakai sötétség után.
Csak ekkor ment haza, fáradtan és kábultan, mit sem törődve az egyre vadabbul duhajkodó sokasággal. Mert ahogy nőtt a hold, és egyre világosabbak lettek az éjszakák, úgy járták egyre többen a várost mulatságot keresve. Sokszor hajnalig mulattak, táncoltak az emberek, de Mia nem akart közéjük keveredni. A fülét sértette a harsogó zene, a vad kurjongatás, hiszen ő csak egy zenére vágyott: amit Attala játszott azon az ismeretlen hangszeren. A füle csak egy dalt volt képes befogadni: amit a herceg énekelt azon az idegen nyelven.
Egy éjszaka éppen a tengerpartra igyekezett. Előtte az utcán fiúk csoportja botladozott. Kezükben boros korsó, és éppen nagy hangon ugratták egyik kövérkés társukat:
– Na, mondjad! Mondjad csak, barátocskám, ki is vagy te, és hogy kerültél ide?
A fiú, akit kérdeztek, tántorogva megállt. A cimborái megfogták a grabancát, odatámasztották a falnak, hogy össze ne rogyjon a lába. Valóban nem állt valami jól a lábán, az egyik talán rövidebb is volt, mint a másik, nemigen tartotta a súlyát.
– He-herceg vagyok… Ám-ámbár herceg… – dadogta a fiú. Mia felkapta a fejét a szóra. De csak egy pillantást vetett az idegenre, és látta, hogy ez a lump alak nem lehet az ő hercege. Elkapta a fejét, és megszaporázta a lépteit. Az egyik suhanc a falhoz támasztott fickó arcába nyerített:
– Ámbár herceg vagy, mégse szeretnek a lányok. Látod? Elfutnak előled – bökött a távolodó Mia után.
A fiú most fogta fel, hogy kit is szalasztott el. Minden erejét összeszedve lerázta magáról az idegen kezeket, és a lány nyomába eredt.
– Mia! Mia! – kiáltott a lány után, de ő, amint meghallotta a borgőzös hangot, még inkább nyakába szedte a lábát. A fiú utána akart eredni, ám alig tudott megtenni néhány tántorgó lépést, elbotlott, és térdre esett.
– Mia! – ordította lélekszakadva. – Gyere velem! Magammal viszlek! Én vagyok az!
A lány visszafordult. Hosszan nézte a sántikáló alakot. Seszínű, zilált haja az arcába hullott, de így is jól látszott, hogy a fél arcát sebhely csúfítja el. Mia döbbenten hátrált a torz alaktól. Az nem lehet… Az nem lehet, hogy ez a szerencsétlen lenne az ő hercege.
– Én vagyok az – nyújtotta ki az a kezét ismét a lány felé. – Voltam Délceg… Voltam Duzzog… De most csak Ámbár vagyok… Ámbár herceg. Nem ismersz meg?
– Nem… Nem ismerlek! – kiáltotta a lány. – Sohasem láttalak!
A fiú ekkor énekelni kezdett, valami idegen, ismeretlen nyelven. A dal ugyanaz volt, mint amit azon az édes éjszakán hallott Mia, mégis durván, recsegve szólt a borgőzős szájból. A lány döbbenten nézte a fiút:
– Nem… Te nem lehetsz Attala…
– Pedig én vagyok! – kurjantott a részeg. – Mondtam, hogy nem fogsz megismerni…
Mia zokogva futott haza. Nem érdekelte a tenger, nem érdekelte a holdcsónak, nem érdekelte semmi más, csak az, hogy rászedték. Az sem érdekelte, hogy ez a részeg fickó honnan tudhatott meg mindent róla és Attaláról. Csak az érdekelte, hogy örökre elfelejtse azt az éjszakát. De hiába iparkodott. Ahogy nőtt a hold, minden éjszaka egyre nyugtalanabb lett. Egyre erőssebben szólt benne a dallam, Attala dallama.

Mia nem tudott aludni. Immár kereken, fényesen világított a hold, a várost is valami érthetetlen feszültség tartotta ébren. Most nem volt tánc és mulatság, nem hallatszott részeg kurjongatás. A hold ezüst fényében feszülten állt a város. Várt valamire. Egész éjszaka várt.
És akkor felharsantak a kürtjelek. Megcsörrentek a kardok, és sziszegve csaptak le a nyilak. Mia kiugrott az ágyból, előrántotta a régi, ezüstnyelű kardját. Nem tudta, kik támadtak rájuk, azt sem, hogy van-e védelem. Abban az egyben volt biztos, hogy nem maradhat itt a lakásban tétlenül.
A város falain fehéren folyt végig a hold fénye, az utcákon feketén patakzott a vér. Az ezüst páncélos lovagot azonnal észrevette az utca forgatagában. Úgy hadakozott, mint aki sok csatát megvívott már. Könnyedén mozgott, pedig nagy volt, hatalmas, akár egy óriás. Kétkezes kardját hárman sem tudták volna felemelni, de ha egyet suhintott vele, hatan is elhullottak körülötte.
– Hajrá, Kürjele! Üsd, vágd, nem apád! – biztatták a társai. Az ezüst páncélos vitéz megrázta vörösesszőke haját, letörölte az izzadtságot és a vért széles homlokáról, majd kacagva vetette bele magát újra a harcba.
A küzdelem addig tartott, míg a nap első sugarai fel nem ragyogtak a város falain. Akkor az ellenség megfutamodott, visszaiszkolt a sötétségbe, ahonnan érkezett. Mia fáradtan rogyott le egy kőre. Szemével Kürjelét kereste, de sehol sem látta a város utcáin.
„Talán a partig üldözte az ellenséget” – gondolta, és elindult, hogy felkutassa.
Kürjele valóban ott volt a tengerparton. Ott feküdt, pontosan ott, a véráztatta, bíbor színű homokpadon, ahol Mia először találkozott Attalával. Az ezüst páncélt egy harci bárd szaggathatta darabokra, Kürjele mellkasát, szívét is felhasítva.
– Mia, eljössz velem? – kérdezte utolsó leheletével a vörösesszőke óriás. – Mindjárt jön… Jön értünk a csónak.
Mia bólintott, de Kürjele már nem látta a lányt, csak az ezüst csónakot, aminek a ragyogása mindent betölt.

Szerkesztette: Dávid Ádám 


Nurlan Abishev: Lány (қыз)

Nurlan Abishev: Harcos (жауынгер)

Aigerim Karibayeva: Éjszaka (түн)

Моника Микля-Лужаньи: Үш елес

Суретші: Мелинда Вайда

Негізгі сөздер: түс, дыбыс, ай (bíbor, erdő, kard)

«Баланың үш түрлі ныспысы бар еді: Аттала, Аңғар және Күриеле. Ол үш түрлі түс көретін. Бірінде – Аттала, енді бірінде – Аңғар, үшіншісінде – Күриеле болатын. Түс көріп жатып оянған кезде өзінің Аттала, әлде Аңғар немесе Күриеле екенін білетін. Ал түсінен таза айыққанда, өзінің кім болғанын есіне түсіре алмайтын».

(«Үш есім поэмасының сюжетіне және оның тууына дем беріп, әсер еткен Микля Жолтының поэмасынан») 

*** 

Миа кірпіктерін айқастыра алмай-ақ қойды. Жарқырауық шеңбермен қорғаланып алған ай нұрын шашып тұр. Қала баяғысынша, буырқанған тіршілікке бой ұсынған қалпында. Айналаны жүйке жұқартар тылсым күш дендеп алғандай. «Бір қатердің болары анық, – деп ойлады Миа, – мынау жағымды жай емес, үрейлі бірдеңе». Оның осындай қорқынышы үдеп бара жатқан үрейге қарсы тұрып, жападан жалғыз қарсыласуға қауқары жоқ еді. 
Миа жаңа ай туғанда кездестірген бозбала Аттала жайлы ойлады. Сол күнгі түн де түнегін айқара бүркеніп алып еді. Қараңғылығы сондай, көз іліндіру мүмкін емес болатын. Бүкіл қала қара жамылғандай, жыбырлаған тірі жан байқалмайды. Тек бір әуен, түн тыныштығын алыстан естілген беймәлім бір сарын тербетіп тұрғандай.

2020. december 27., vasárnap

Tasi Katalin: Árvák éneke

Illusztráció: Klesitz Piroska

Kulcsszavak: boróka, csecsemő, fűzfa (арша, нәресте, тал)

Csöndes őszi estén,
boróka tövében
csecsemő rídogál
hamuszín holdfényben.

Arra megy a leány,
keblére emeli,
karjában ringatja,
dúdolgat is neki.

Keblére emeli,
elringatja szépen,
csöndes őszi estén,
boróka tövében.

Hazaviszi féltőn,
dúdolgat is neki.
’kinek mondja: másé,
bizony, el nem hiszi.

-

Nyári nap hajnalán
juhar hűs tövében
nevetgél a gyermek
mezítláb a réten. 

Mezítláb a réten
a lány dalol neki,
harmatos fű selymén
játszadozni viszi.

"Emitt karvaly fészkel,
Lásd, ott ménes szalad,
Som terem és platán.
Arra fut a patak.

Lásd, ott ménes szalad,
csikó nyargal, szökell.”
Dalol neki a lány:
„Soha nem hagylak el."

-

Szomorú fűz. Felleg.
Sírdogál a gyermek.
Fenyőt dönt egy férfi
kék hold fénye mellett.

Kék hold fénye mellett
galagonya fázik.
Sírdogál a gyermek.
Gyertya fénye játszik.

Letérdel a hold is
a nagy magas égből,
kicsi kereszt áll ki
a fűzfa tövéből.

"Elhagytál hát mégis,
árva leány, anyám,
A nagy magas égből
nézz le néha reám.

-

Kebledre emeltél,
szíveden ringattál
patakra, ménesre,
dalra tanítgattál.

Hazavittél féltőn,
dúdolgattál nekem.
Hogy nem anyám voltál,
bizony, el nem hiszem.

Mezítláb a réten,
ahányszor majd járok,
csöndes, őszi estén
mindig rád találok.

Dalod elringatom
szívem közepében,
mint te, engem, egyszer,
boróka tövében."

Szerkesztette: Turbuly Lilla

A verset angolul, Joe Váradi fordításában az alábbi linken éred el: LINK


Tasi Kata versét meghallgathatod az alábbi felvételen, Buza Tímea előadásában:



Aigerim Karibayeva: Anya (ана)

Kneipp Virág: Fűzfa (тал)

Klesitz Piroska: Életfa (өмір ағашы)

Nurlan Abishev: Álom (түс)

Каталин Таши: Жетімдер балладасы

Суретші: Пирошка Клешиц

Негізгі сөздер: арша, нәресте, тал (boróka, csecsemő, fűzfa)

Күздің тымық кеші еді,
Салқын самал еседі.
Айлы түнде бойжеткен,
Бой сергітсем деп еді.

Кенет балғын сәбидің 
Үні келді құлаққа.
Жұмбағы көп пәнидің,
Алары аз ба сынаққа?!

Арша талдың түбінде,
Күздің салқын күнінде.
Айдың күлгін сәулесі,
Түсіп балғын бетіне.

Сәби жатыр шырылдап,
Қалай кері бұрылмақ.
Келді жетіп жанына,
Қалай мұны ұғынбақ?

Бауырына басады,
Қалай одан қашады.
Ет жүрегі елжіреп,
Көңілі толқып-тасады.

Әлдилейді жұбатып,
Кетті қызды қуантып.
Әннің тыңдап әуенін,
Жатқан сынды ұнатып.

Ойламай күн бағысты,
Алдағы асау ағысты. 
Тал ағаштың түбінде,
Қос мұңлық солай табысты.

Көтеріп ап сәбиді,
Үйіне ару қайтады.
Шақалақты тербетіп,
Әлди жырын айтады.

Имене қарап жан-жаққа,
Үйіне алып келеді.
Өзгенікі деп бұл сәби,
Айтқанға кім сенеді.

-

Жаздың шуақ күнінде,
Үйеңкінің түбінде.
Жарқылдап күлген жас сәби,
Жалаң аяқ шапқылап,
Жүгіріп жүр бүгінде.

Бойжеткеннің алдында,
Жалаң аяқ шалғында.
Оған ән-жыр айтады,
Саялы салқын тал мұнда.

Шық көмкерген жібектей,
Көк шалғында ойнайды.
Мейірленіп сәбидің,
Қызығына тоймайды.

«Қаршыға ұя салыпты,
Қараңдар анда жылқыны.
Қызылтал мен шынарға
Ағады бұлақ бұлқынып.

Қараңдар, онда үйір жүр,
Құлдыраңдап құлын жүр.
Сені әсте бермен ешкімге» -
деп қыз оған арнар жыр.

-

«Жазмыштан озмыш жоқ» деген,
Өмірге деген өкпеден:   
Ойнақтап жүрген сәбидің,
Қалмады жасы төкпеген.

Тал мұңға батқан, боз аспан.
Өксиді бала адасқан. 
Балқарағайды біреу жаңқалап,
Ай сәулесінен өзін қалқалап.

Көкшулан айдың астында,
Долана дәні қалтырап,
Жеткіншек бала зарлайды,
Он саққа ойы шарқ ұрад.

Тапжылмай ай да қалғандай,
Зеңгір көктің астында,
Жылайды сәби сормаңдай.
Айрылды жалғыз жақыннан,
Тұрады қалай толғанбай.

Кішкентай крест қойыпты,
Сәмбітал ағашы астында.
Жаңадан ғана үйілген,
Томпайған мүрде басында.

«Шынымен тастап кеттің бе?!
Жүремін қалай сен жоқта?!
Зеңгір биік аспаннан,
Көз салшы мендей бейбаққа.

-

«Кеудеңе басып сен мені,
Жүрегіңмен тербеттің. 
Бұлақ пен үйірге апарып,
Ән-жырға мені үйреттің.

Үреймен үйге апарып,
Әлдилеп мені тербедің.
Өгей ана дегенге,
Ант етем, еш сенбедім.

Шабындықта жүгіріп,
Әлі талай жүрермін.
Күздің тымық кешінде,
Жоқтығыңды білермін.

Сен сияқты мәпелеп,
Қиялымда тербермін.
Өзіңді іздеп қыз-ана, 
Өмір бойы өтермін.

Аудармашылар: Джо Варади, Алтыншаш Жақиянова. Редактор: Бабақұмар Хинаят

Төмендегі сілтеме бойынша өтіп, Джо Варади жасаған өлеңнің ағылшын тіліндегі аудармасын оқи аласыздар: СІЛТЕМЕ