![]() |
| Суретші: Ихсан Жақиянов |
Негізгі сөздер: қаймақ, айран, әже (tejföl, kefír, nagymama)
Күттің бе екен балапаныңды,
Сағындым, әже, алақаныңды.
Өзің – қуат беретін,
Сезім-шуақ төгетін,
Сені сағындым, әже!
Кетпейді естен күлімдегенің,
Басымнан сипап «күнім» дегенің.
Ертек, жұмбақтарыңды,
Күле тіл қатқаныңды,
Жүрмін сағынып, әже!
Ірімшік, айран, таба наныңды,
Сағындым қаймақ жалағанымды.
Тәтті балқаймағыңды,
Тосқан балдай дәміңді,
Аңсап сағынам, әже!
Мейірім төккен шуағың – нұрың,
Әжетай, сені сағынып жүрмін.
Мәңгі сағынышымсың,
Менің бағым үшін шын,
Өмір сүргенсің, әже!
P.S
Нұр берген өзің өміріме, әже,
Сағынып келдім қабіріңе, әже.
Бетін мамық қар жапқан,
Көріп орныңды жатқан,
Аңсап, қамығам, әже!
![]() |
| Цецилия Шимони: әже (nagymama) |


