2021. február 7., vasárnap

Művészek és uralkodók / Суретшілер мен ел билеушілер

 

Aigerim Karibayeva: Utas / Айгерим Карибаева: жолаушы

Amikor a sátorban előkerülnek a hangszerek, és megszólal a zene, hangjai elrepítenek messzire. Talán egy varázslatos, gazdag városba, ahol a palota erkélyén egy királylány ábrándozik. Vagy éppen nagymama padlására, ahol a ládából régi kincsek kerülnek elő. Az is lehet, hogy éppen Kazakhsztánba repítenek a hangok. Te is játszol hangszeren? Szeretsz énekelni, vagy csak átengedni magad a zenének?

Rajzolj különleges hangszereket az alábbi szavak egyikének felhasználásával:

acél, arany, ceruza, csepp, csont, dal, dísz, dívány, dob (hangszer), doboz, drágakő, énekes, ezüst, fa, füst, golyó, görbe, gyökér, gyöngy, gyűrű, hajtű, harang, kanál, keringő , kesztyű, korsó, krumpli, láda, rózsa, selyem, szék, szikla, szőnyeg, táska, zenebona

A játékra életkortól és lakóhelytől függetlenül bárki jelentkezhet, de egy jelentkező egy pályamunkát adhat be.

A leadott pályamunka formátuma: jpg vagy pdf
Leadási határidő: 2021. február 16. 20:00
A pályamunkát ide küldd: iro.cimborak@gmail.com
A levélben írd meg a neved, a lakóhelyed és az életkorod.

Сөзотаудың керегесінің басына ілулі тұрған саз аспаптарын қолға алып, ән айтып, күй шертілгенде, айнала жым-жырт болып құлақ түре қалады да, әуен алысқа әуелейді. Мүмкін бұл әуез бен ырғақ сән-салтанаты келіскен ғажайып қаланың сарайының балконында армандап тұрған ханшайымның құлағына ілігер немесе көнекөз әженің төріндегі асыл қазыналар сақталған сандыққа жетер. Бұл әуенді Қазақстанның кез келген тұрғынының қуана тыңдарына сенеміз. Сіз қандай саз аспапта ойнай аласыз? Ән айтуды ұнатасыз ба? Әлде жақсы әнді беріле тыңдау ұнай ма?

Келесі сөздердің бірін қолдана отырып, арнайы музыкалық аспаптардың суретін салыңыз:

алмас, алтын, қарындаш, тамшы, сүйек, ән, жыр, ою-өрнек, диван, кушетка, барабан, қорап, асыл тас, әнші, күміс, ағаш, түтін, оқ, қисық, дөңес, бүкір, тамыр, інжу, жүзік, түйреуіш, қоңырау, қасық, вальс, қолғап, құмыра, картоп, кебеже, сандық, раушан, жібек, орындық, жартас, кілем, сөмке, сауық-сайран

Кез-келген адам жасына және тұрғылықты жеріне қарамастан ойынға сурет жібере алады, бірақ ойынға тек қана бір каллиграмманы ұсына алады.

Сурет форматы jpg немесе pdf болуы керек.
Мерзімі: 2021 жыл 16 ақпан, сағат 24:00 дейін
Өз суретіңізді осында жіберіңіз: kemenger.sandyq@gmail.com
Хатта өз атыңызды, тұрғылықты мекеніңізді және жасыңызды жазуды ұмытпаңыз.

2021. február 6., szombat

Olvasói munkák / Herbert Dóra: Varázsige

 

Kotta: Herbert Dóra nyomán Tóth Lajos

Keleti tűzzel szerelem szárnyal
Szelleme éleszt, szívünk kitárva,
Lobbants lángra, fusson az éj,
Örök az élet, örök a remény.


Mélyebb hangú dobbal lehet kísérni és/vagy kitárt karral táncolni, forogni.

Vagy egy koreográfia:

Először a tűz és a szárnyak mozgását utánozni, 
a „szívünk kitárva” résznél a karjainkat az ég felé kitárni, 
lehozni a tüzet a szívünkbe,
aztán elhessegetni a sötétet. 
Az utolsó sornál kitárt karral forogni vagy táncolni, ezt a sort lehet akár többször ismételni.

A várt eredmény: öröm, szeretet, lelkesedés, reménység, megújulás, amely fertőző és ragadós.

2021. február 4., csütörtök

Эмма Майорош: Бақсы мен Бақташы

 

Суретші: Гергей Сөни

Негізгі сөздер: жұлдыз, қайың, тұлпар (csillag, fenyő, táltos)

Жаз кезінің жаймакшуақ жайдары түнінің бірі еді. Аспан әлемінің айқара құшағында сансыз жұлдыз алаңсыз жымың қағады. Орман алқабының ана бір шетінде жас бақташы бейқам аяңдауда. Ол аяқ астындағы қатқыл жерді қолындағы асатаяғымен сызғылай жылжып, еңсесін көтере алмай келе жатыр. Ол сансыз жұлдыздар жымың қаққан түнгі аспанға қарап ауыр күрсінгенін өзі де аңдамай қалды. Оның жанары қайтадан өзі табан басқан жерге ауды.
– Сіздің қабағыңыз қатулы ғой, жас жігіт, – деген оқыс шыққан  шіңкілдек дауыс оның ойын кілт кесті. Бақташы айналаға көз жүгіртіп, ағаш түбінде отырған адамға көзі түсті. Үстіне ұзын шапан жамылған бейтаныс адамның әжім басқан бет-әлпетінің тотыққаны байқалады, ал қырау шалған шаштарын желкесіне түйіпті.
– Сенің онда қандай шаруаң бар? – деп, күйреуіңкі жауап қатқан бақташы, соңынан асатаяғының әлсіз ізін қалдырған бойы әрі қарай жылжи берді. Шалдың қыр соңынан қалар түрі байқалмайды.
– Аспан әлемі бүгін құшағын айқара ашып тұр, солай емес пе?  – дейді ол тағы да. – Әсіресе, алқаптың жиегі нұрға бөленіп, жарқын көрінеді.

Бақташы аспан әлемін көз жанарымен бір сүзіп өтіп:
– Мен байқамаған екенмін. Расымен де, таңғажайып, мен мұндай кереметке бұрындары назар аудармаппын, – деді.
Екеуінің көз жанарлары түйіскен кезде, бет әлпетіндегі әжім іздері бұрынғыдан да бедерлене түскен қария бақташыға риза көңілмен ыржия қарады.
– Қолыңды тигізіп көргің келе ме? –  деді ол.
Бақташы бақсыға бажырая қарады.
– Нені ұстауым керек? – деді таңданып.
– Жұлдызды, – деді шал,  қасын керіп. Ол желбегейінен ұп-ұзын жіңішке түтікті шығарып, алыстағы аспанға иек қақты. – Аналарды ұстап көргің келе ме?
Қабағы салыңқы бақташы көк жүзіне көз салды. Аспан әлеміндегі жұлдыздар жарқ-жұрқ етіп, жымыңдай қарайды.
Бақташы назарын қарияға бағыттап тал түбінде отырған оның таңғажайып тұлғасын тамашалай бастады. «Бұл адам не бақсы, не болмаса есі ауысқан байғұс» деп ойлаған ол, артық сөз айтпастан, тұрған орнынан жылыстай бастады.
– Бұл, өзі бір ерекше жанасу, – деді, дауысы қаттырақ шыққан қария. Оның үні қатқылдау болғанымен, жылы лебі бар. – Сенің әуестігіңе әсер етпеді ме?
Бақташы баяу ғана бұрылып, ежірейе жауап қатты:
– Бос шатпақты қайтесің. Жанасу деген қандай сөз? Онымен не айтқың келіп тұр?
Шал оның жанарына тіктеп қарады.
– Сен өзің жұлдызды ұстап көргің келе ме? Ықыласың болмаса, мен сенің жолыңа бөгет жасамаймын. Егер сенің кешкі серуеніңе кедергі келтірсем, кешірім сұраймын.
Ол сырт айналды да, түтікшесін темекімен тығындай бастады. Бақташы елеусіз ғана аспанға қарады. Оның жанары жымыңдаған жұлдыздар қаптаған шетсіз-шексіз көк күмбезін шарлап өтті де, қария жаққа қарай қадалды.
– Сен немене, қолыма жұлдыз қондырдым дейсің бе?
Қария темекі толтырған түтігін жанына жантайтты.
– Иә, қолыма ұстағанмын. Алғашқыда алабұртқан сезімде боласың. Ең алдымен өзің күткеннен әлдеқайда жеңіл сезілгенімен, салмақтылау болып келеді. Олар жалаңаш қолмен ұстайтындай емес, барынша ыстық. Содан кейін, жанып тұрған шартабақ екеніне қарамастан, салқындау, – қарияның даусы баяу шықты. Ол өзінің қиял әлеміне құлаш ұрған тәрізді. – Жұлдыздарға абайлап жақындау керек, олар алтын құйма секілді көрінгенімен, шарт сынатын жұқалтаң жұмыртқа сияқты.
Екеуі де еңселерін көтеріп, жанарларын жұлдызды аспанға қадады.
– Жұлдызға жанасқаныңды жүз рет сезінгенде, – деп, жалғастырды әңгімесін қарт бақсы, – соған бірте-бірте дағдыланатын шығармын деп ойлайсың. Бірақ, олай емес, әрбір жолғы сезімің тосын әсер береді.
Бақташының бағамы әлі де болса Құс жолының ирелеңдеген сүрлеуінен айни алмады. Оның ажары жымыңдаған жұлдыздар жарығына шомылып тұрған. Таңданысын жасырған да жоқ: 
– Осының өзі өңім бе, түсім бе? – басын шайқап, қарияға көз салды. – Ештеңе түсінсем бұйырмасын, ғажап ... Бұлай болуы  мүмкін бе?
Қария сәл ғана езу тартты. Ол бақташыға көз қиығын тастады. Бозбаланың көз ұясында сансыз жұлдыз самаладай жарық шашып тұр еді.
– Бәрі де ойдағыдай. Жұлдыздар бізден қол созым жерде тұр. Ал біздің көзбен қабылдауымыз түйсігімізді бұрмалап жібереді. Жерде тұрған біздерге жұлдыздар шын мәнінде өздері тұрған жерлерінен қашықтау  болып көрінеді. Ең алдымен, сен өзіңнің жұлдыздарға не үшін жанасқың келетінін түсінуің қажет. Содан кейін, ол енді қиындау болады: сен анау тұрған ағашқа өрмелеп шығуың керек, – қария самырсынның  ұшар басын меңзеді.
Жас жігіт құшағын кеңге жайған, бұтақтары ұйысқан ағашқа назар аударды. Ол биік ағаштарға талай рет өрмелеп шыққан болатын – биік ағаш басынан адасқан малды көздеу оңайырақ еді. Сондықтан да бұл мәселе ол үшін айтарлықтай қиын шаруа болып тұрған жоқ. Бірақ, бір түсініксіз жері – мына әлжуаз шалға ағаш басына өрмелеп шығу не үшін қажет болды екен деп ойлаған бозбала еріксіз езу тартты.
– Содан кейін не болады? – деп сұрады ол.
– Содан кейін, сен бұтаққа шығып құлашыңды айқара кересің. Саусақтарыңның ұшымен жұлдызды сезінгенге дейін өз түйсігіңнің шырмауында болуың керек. Сосын, оны түсіріп алмау үшін дұға қыласың! Егер жұлдыздың ып-ыстық, ауыр салмағын алақаныңда ұстап тұра алсаң, оған деген махаббатыңды сезіне аласың. Құмарың әбден қанған кезде, оны өз еркіне жіберуің керек.
– Онда ... Онда ол ешқашан менікі болып қалмайды ғой, – дейді бақташы.
– Неге, не үшін сенікі болмайды? Сенің оны босатып жібергенің, ол сенікі болмайды деген ұғым бермейді.
Ұзақ үнсіздіктен кейін қария:
– Демек, ешқайда бармайсың ғой? – дейді.
Бозбала әлі де қобалжулы еді. Ақыр соңында:
– Жарайды, егер қалауың солай болса, мен сенімен барамын, – деп, басын изеді.
Шал орнынан көтеріліп, түтікшесін қалтасына сүңгітті де, ағашқа жақындап келіп, оның ең төменгі бұтағына жармасты. Оның ағашқа оп-оңай өрмелегеніне қарағанда, көзін жұмып көтерілгендей болып көрінді. Бақташы басы айналып, таңқалды. Жігіт шал ағаштың ұшар басынан не табатынын білгісі келіп ынтықты. Содан кейін, осы шалдың ағаш басына өрмелеп шыға алатынына көз жеткізгісі келді.
Бозбала төменгі бұтаққа жармасып, жоғары қарай тырбаңдады. Шал сәл алға ұзап барады. Кейде тіпті алшақтап кеткені сондай, бақташы оны ұйысқан бұтақтар мен жапырақтар арасынан жоғалтып алғандай болады.
Жас жігіт аяғы тайғанақтап, бас жоқ, көз жоқ, жоғары жылжып келеді, ал кедір-бұдыр, үп-үшкір бұтақтар  алақандарына кіршілдей қадалады. Ал ол ең биікке көтерілгенде, шал малдасын құрып, ағаштың ұшар басында жайғасып отыр екен.
– Ең биікке көтеріліп алған соң, міндетті түрде ыңғайланып отыру керек, – деді ол, әлі де болса ентігін баса алмай тұрған бақташыға. – Содан кейін, өзіңнің жұлдызды не үшін ұстағың келгені туралы байыппен ойланғаның дұрыс.
Қария орнынан көтеріліп, көзін жұмды да, қолын алға созды. Бозбала онымен қосыла түрегелді. Алғашқыда қобалжып тұрғанымен, біртіндеп тепе-теңдігін түзеп, көзін жұмды. Сәл-пәл тербеліңкіреп барып, қолдарын баяулап қана алға созды. Оның бүкіл ой-санасы жұлдызды өз алақанында тұрғандай сезінуге бағытталған еді. Ол жұлдыздың қабыршағын, жұпар исін, тіпті дәмін де сезінгісі келді. Ол егер жұлдызға алақаны тисе, осы ағаштан ешқашан да түспеуге бейіл еді. Ол өмірін жұлдыздар арасында жалғастыра береді. Қолын ебедейсіз ербеңдете бергенімен, ойлаған ойы іске аспады. Аузымен ауаны қаншама қармағанымен, бәрі бекер, ештеңе шықпады. Жұлдыздар оны мазақ қылып тұрған сияқты.
Бақташы бәрінен көңілі қалып, көздерін ашып айналасына аңтарыла қараған кезде, біршама уақыт өткен еді. Ол аяқ астындағы жерге, төбесінен төніп тұрған аспан әлеміне  таңдана қарап алып, көз жанарын жанындағы серігіне аударды. Шалдың қолында көз қарықтыра жасана жайнаған жарық жұлдыз жарқырайды. Қарттың көзі балалық шаттықпен нұрланып, бетіндегі әжім іздерін жұлдыз жарығы жазып жібергендей. Қария қалтасынан шылым түтікшесін шығарып, оған темекі нығыздап, түтікше сабын алақанымен аялай сипап, оны жұлдыз қабыршағына жақындатуы мұң екен, темекі тұтанып жүре берді. Жан біткен шыбықтай титімдей шоқтың жылт еткені сол еді, шал көгілдір түтінді рахаттана сорды. Екі езуі екі құлағына жетіп, көздерін сығырайта жұмып, аузынан шыққан түтіннің қою шеңберлерін қап-қара аспанға қарай үрлеп жіберді. Ол жұлдызды біршама уақыт қолында ұстап тұрды. Жас жігіт оған қолын созып, сипап көрмекші болып еді, оның қолы жұлдыз қабыршағынан тайып кетті. Шал мәз-мәйрәм күліп, жұлдызды жөніне жіберді. Ал, салтанатпен шауып өткен жас бұғы тәрізді ойнақшыған жұлдыздың жалт-жұлт еткен  жарығы аспан төріне бір-ақ шарықтады.
Ауызы аңқия ашылған бақташы жігіт аңырайып тұрып қалды.
– Сен мұны қалай жасадың? – деді ол таң-тамаша қалып.
– Мен саған айттым емес пе?! – деді қария. – Сен жұлдызды не үшін ұстауың керек болғанын анық білуің керек еді, сонда ғана ... ойлағаның іске асады.
– Бірақ ... – бозбала ашына айқайлады, – мен ... Мен  жан-тәніммен, шын жүрегіммен берілгенім сондай, оның өзіме жанасқанын сезінгендей де болдым! Егер ол менің қолыма түссе, мен оны ойша болса да көрер едім. Өтінемін, айта қойшы, аспандағы жұлдызды өзіңе қалай тартып алдың?
Шал иығын қиқаң  еткізді.
– Мен тек темекі түтікшемді тұтатып алайын деп ойлағанмын.
Ол осыны айтты да, ағаштан төменге түсе берді.

Аудармашылар: Эмма Майорош, Кристиан Месарош, Қанат Қайым. Редактор: Ділдар Мамырбаева

Нора Майорош: қайың (fenyő)

Вираг Кнейп: кезбе (vándor)

Majoros Emma: A táltos és a pásztor

Illusztráció: Szőnyi Gergely

Kulcsszavak: csillag, fenyő, táltos (жұлдыз, қайың, тұлпар)

Langyos, nyári, felhőtlen este volt, a csillagok zavartalanul ragyogtak az égen. Egy pásztorfiú kullogott az erdő szélén, lehajtott fejjel, botjával a kavicsos talajt kotorászta. Néha-néha bátortalanul felnézett az égre, bámult a csillagok tömegébe, majd felsóhajtott, és újra lehorgasztotta a fejét.
– Miért lógatod az orrod, fiatalember? – szólalt meg mellette váratlanul egy mély hang.
A fiú ránézett az alakra. Ült egy fa tövében, hosszú ruhában, arca napbarnított volt és ráncos. Grafitszürke haja össze volt fogva a füle mögött.
– Mit számít ez magának? – rántotta meg vállát a pásztor, majd továbbhaladt, botjával csíkot húzott maga mögött. De az idős ember nem hagyta annyiban.
– Csodás az ég, nem igaz? – szólította meg újra. – Itt, a puszta szélén a legszebb, a legtisztább.
A pásztor egy gyors pillantást vetett az égre.
– Nem tudhatom, nem láttam még másutt – jelentette ki.
A férfi a pásztorra nézett, és amikor a tekintetük találkozott, elmosolyodott. Az arcán elmélyültek a ráncok.
– Szeretnéd megérinteni? – kérdezte.