2021. február 28., vasárnap

Андреа Хетвари: Жасыл өлең

 

Суретші: Эмеша Шара Микя

Негізгі сөздер: қарбыз, әлем, жасыл (dinnye, világ, zöld)

Тот Агнештің «Көкшіл жырына» жауап ретінде

Жасыл орман,
Жасыл желек, жапырақ,
Жасыл қолмен бұл әлемнің шетінде,
Жасыл гүлді илеп жатты топырақ.

Жасыл тиін, жасыл түсті түлкі де,
Жасыл жолдар жасыл лағыл кейіпте.
Жасыл құдық жаңғырады қосылып,
Жасыл сөзді менің жасыл үнімде.

Ақжасыл бұлттар биік тұрады,
Жасыл күннің сәулесі де жарқырап.
Жасыл әуен толы құстар сайрайды,
Жасыл шөпке толы жасыл атырап.

Жасыл бұршақ қосқан сорпа секілді,
Әлде жасыл самалдық.
Жасыл шаңға бүркеп жасыл жұлдыздар,
Найзағайы жасыл түспен жарқырап.

Келе ғой! – деп шақырады әкешім,
Жасыл тышқан кеміреді жасылын.
Қабығында қою жасыл қауынның,
Өзгертеді әлем талай ғасырын.

Аудармашылар: Пал Хегедуш, Камшат Нұғыманова

Марианн Таллиан орындаған Андреа Хетваридің өлеңін Мажар тілінде келесі аудио жазбадан тыңдай аласыздар:



Юдит Зенговари: жел (szél)


Юдит Зенговари: жасыл (zöld)

Nincsenek megjegyzések:

Megjegyzés küldése