Суретші: Цецилия Шимони |
Негізгі сөздер: түс, дыбыс, ай (álom, hang, hold)
Ертеде бір жігіттің үш есімі болыпты: Аттала, Аңғар, Күриеле. Үш күн түс көріпті. Бірінші күні ‒ Аттала, келесі күні ‒ Аңғар, үшінші күні ‒ Күриеле түсіне кірген екен. Оянғанда Аттала, Аңғар, Күриеле бірдей ояңғандай күй кешіпті. Жігіттің үш есімі қаһарманның үш мінезі секілді.
***
Атталамын, ағайын.
Түнгі көкте ‒ ақ Айым,
Домбыра қылын тартайын
Лантқа, әнді айтайын.
Домбыраның ішегі -
Керемет бір күш еді.
Басталғанда бір әуен,
дөңгеленді бұл әлем.
***
Аңғар едім кеше-дүр ‒
сүймесе де қыз кейбір.
Аңғалдаумын - кеселім.
Жұрт мәрт, сұлу деседі,
Басқа қойса атымды,
Ақтар ма едім затымды.
Абрам болса да есімім,
Шықпас еді еш үнім.
Маңдайынан жел ескен-дүр,
Бола алмаспын Ескендір.
Оң және сол қанатын
қосып, жауға салатын.
***
Күриелемін, бесікте
дабыл үнін есіткем.
Күрес, майдан ‒ жолдасым,
Шайқасар ма ем жандасып?!
Адалдығым ‒ тумысым,
Қолда дабыл, қылышым.
Көз ілмеймін, қаланы -
ұйықтасам - жау алады.
***
Атталамын, ағайын.
Түнгі көкте ‒ ақ Айым,
Аңғар едім кеше дүр ‒
сүймесе де қыз кейбір.
Жатқанымда бесікте
керней үнін есіткем.
Жұрт мәрт, сұлу деседі,
Аңғалдаумын - кеселім.
Күрес, майдан жолдасым,
Шайқасар ма ем жандасып?
Домбыраны сайлайын,
Лантпен әнді айтайын.
Ерлік менің - тумысым,
Қолда ‒ дабыл, қылышым.
Домбыраның ішегі
Жеңілмейтін күш еді,
Басқа қойса атымды,
Ақтар ма едім затымды.
***
Аттала десе, марқайдым,
***
Аттала десе, марқайдым,
Аңғармын мен. Жарты аймын ‒
Күриелені қашанғы күтеміз,
Дүниені қайта түлетеміз?
Домбыраның ішегі -
Керемет бір күш еді.
Батырдың аты Күриеле -
Жар сала келер дүниеге.
Қағылар дабыл, үн қатар,
Қағылар дабыл, үн қатар,
Ұйықтағанды оятар.
Жүректердегі тыныштық ‒
Даланы басар жым-жырт қып.
Үш есімнен қорықпаңыз ‒
Көңілде жүрген бір аңыз.
Аттала, Күриеле, Аңғармын,
Бірге атырар таңдарды.
Аудармашылар: Раушангүл Зақанқызы Мұқышева
Балаш Лазар орындаған Жолт Микя өлеңін Мажар тілінде келесі аудио жазбадан тыңдай аласыздар:
Nincsenek megjegyzések:
Megjegyzés küldése