Суретші: Ката Пап |
Негізгі сөздер: күміс, күлгін, сары (ezüst, lila, sárga)
Түрлі-түсті елді армандап,
Көрсем деймін, көзіммен.
Көк шөбі бар, аспан түстес,
Аспаны түстес, шөбімен.
Емен, шілік қызғылт дейді,
Өрттей лаулап, көз тартқан.
Күні күлгін, Айы сарғыш,
Кемпірқосақты жол алуан.
Күміс балшықта бала аунап,
Мылқауға тіл бітірген...
Қоңырау гүлдер би билейді,
Сабақтары көкке секірген.
Қарға сары, лейлек қызыл,
Алтын қарда жатармын.
Періште тілек, арман барда
Өлмес тірлік дәмін татармын...
Аудармашылар: Илдико Витман, Кристиан Месарош, Жарқын Утешова
Балинт Тури орындаған Йоханна Бертотидің өлеңін Мажар тілінде келесі аудио жазбадан тыңдай аласыздар.
Кристина Марош: түс (álom) |
Nincsenek megjegyzések:
Megjegyzés küldése