2021. február 24., szerda

Вероника Фодор: Оны көктеммен боя

 

Суретші: Зелмира Сабо

Негізгі сөздер: сиқыршы, күлгін, жұпар иіс (varázsló, bíbor, illat)

Сиқыршы бақтағы өзінің сүйікті ағашының түбінде отырды. Ол мұңайған кезде әрдайым сурет салатын. Көктем мезгілі еді. Грек жаңғағы ағашының жапырақтары сиқыршы мен аспан арасына түсіп, иілді.
–  Мен көктемді сала аламын, – деп сыбырлады жан-жағына қарап. Ол көк шөптің, бозғылт көк, сүмбіл және нәркес гүлдердің күн көзіне қарай бұрылғанын көрді. Суретті асықпай салды. Баяу салғаны сондай, күн көкжиектен төмен сырғып түсе берді, сөйтіп аспанның төменгі етегін күлгін түске бояды.
– Мен аспанды да саламын, – ол өзінің түрлі-түсті қарындаштарын іздеді, бірақ қажетті түсті еш жерден таба алмады. Қақпа жанындағы күлгін раушандар бастарын шайқады. Лүп етіп жел соқты да сиқыршы тұрған жаққа бас иді.
–  Гүл күлтесімен сурет салуға бола ма? – деп сұрады ол өзінен.
Гүлдерге жақындады. Жапырақтары аспан секілді зеңгір түсті болды. Сырты ашық реңкті, ал іші қара қошқыл екен.
–  Осының бірін жұлып алсам, еш зиян тимейді деп ойлаймын. Тек бір ғана жапырақ, – деді ол, гүлге қолын созып. Біреуін таңдамас бұрын оны құмарлана иіскеді. Раушанның жұпар иісі оның тамағын жыбырлатты, ол гүлді ұстамақ болды да, бірақ бірден қолын тартып алды. Саусағының ұшында күлгін тамшы дірілдеді. Ол аспанның төменгі етегімен бір түстес еді. Сиқыршы тамшыға ұзақ қарады, содан кейін қайтадан сурет жанындағы орындыққа отырды. Ол саусағымен қағаз бетін сызды, көктемгі аспан өзі ойлағаннан да тамаша болып шықты.

Аудармашылар: Река Галай-Рейч, Зауре Төрехан. Редактор: Ділдәр Мамырбаева


Айгерим Карибаева: көктем (tavasz)

Эдит Туза: гүл (virág)


Екатерина Гузикова: сиқыршы (varázsló)


Рита Миклош: күн (nap)

Nincsenek megjegyzések:

Megjegyzés küldése