2021. február 8., hétfő

Нұржан Түменов: Өнер

 

Суретші: Әсел Кенжетаева

Негізгі сөздер: сурет, тәңір, ән-күй (kép, isten, zene)

Қорқыныш пенен үрейден
Мезі болды жүрегім
Үміт үздім пендеден
Тәңір ғана тірегім

Рахаты қалмай мерейден
Кірерге таппай тесігін
Іздедім дауа - өнерден
Ашық па екен есігің?

Өлең мықты білектен
Сөзі жұмсақ жібектен
Мағынасы тереңнен
Айшықталған қиялмен

Сурет көркем кілемнен
Реңі қанық бояумен
Пішіні анық қырымен
Салынған асқақ дарынмен

Кірісі мол әндерден
Көңлің толар әуеннен
Қайран қалар үнінен
Толықсыған күйінен

Бәрінен де кино - зор
Түрлі-түсті таспа жол
Қазақтан да шығар мол
Асқақтаған ұлы рөл!

Нұржан Түменовтың өлеңін келесі аудио жазбадан Қазақ тілінде тыңдай аласыздар:



Ольга Цай: текше (kocka)


Ольга Цай: қылқалам (ecset)


Ольга Цай: кітап (könyv)

Nincsenek megjegyzések:

Megjegyzés küldése