2021. január 5., kedd

Моника Чик: Залазар мен Тобиаш

Суретші: Анна Холло

Негізгі сөздер: алып, арба, айдаһар (óriás, taliga, sárkány)

Әдетінен жаңылысып,
Дәу Залазар кеш тұрды.
Айналаны шуға бөлеп,
Үш, төрт рет түшкірді.

Әпчу, әпчу, труту, труту,
Кернейлеткен сәлем жетті.
Тағы алты рет түшкірді де,
Әуездетті, әуендетті.

Залазар дәу риза болды:
«Вендел, Абаккум – пірлерім!
Он болғанда он түшкірдім,
Көкектен де ерледім».

Үңгіріне Залазар дәу,
Сағат әкеп ілген ед.
Сол сағатты мекен етіп,
Жалдап тұрды бір көкек.

Қызығы сол ол көкектің,
Уақыттан жоқ хабары.
Түс кезінде «Жабылдық» деп,
Ылғи әлек салады.

Тұрды көкек көк есіктің,
Артына кеп тығылып.
Мұрны біткен Залазар дәу,
Асығып жүр киініп.

Көк шалғыннан жасап алған,
Бөркін киді басына.
Алып бөрік алады екен,
Жарты тауды жасыра.

Аяғына киді етігін,
Көк тіреген кемінде.
Біреуінде грифон бар,
Айдаһар бар бірінде.

Сақал тарап, әнге басып,
Жөнге салып арылды.
Қаба сақал арасынан,
Қатқан бәліш табылды.

«Пуддинг, бисквит, бәліш, алма,
Шығып жатыр бәрі де,
Тіпті ішінен тамақ шықты,
Суымаған әлі де» –

Деп әндетіп дәу Залазар,
Барлығын жей бастады.
Жалағандай қып ыдысын,
Жарқыратып тастады.

Арба толы түймедақты,
Үңгірге әкеп шай қылды.
Қазанға сап қайнатты да,
Қарынын бір тойдырды.

Шай ішуге қызыл түсті,
Саптыаяғын қолданды.
Бір қазанын тауысты да,
Ақ парақты қолға алды.

«Сырқаттандым, жақындама,
Көктемде бір оянам». –
Деп жазды ол ақ параққа:
«Басқаны оят, жүр аман».

Жатты да дәу төсегіне,
Тәтті ұйқыға бойлады.
Тобиаштан маза кетіп,
Көкектеп бір қоймады.

«Айтшы көкек! Уақыт қандай?»
Дәу оятты даланы.
«Тобиаштың қарыны ашты,
Әлі құрып барады».

Көкектеді сорлы көкек,
Қалды ақыры мәңгіріп.
Залазардың қорылынан,
Дала кетті жаңғырып.

«Сырқаттандым, жақындама,
Көктемде бір оянам». –
Көзі түсті ақ параққа:
«Басқаны оят, жүр аман».

«Залазар дәу ұйықтап жатыр,
Ашығып мен барамын.
Қой, одан да біраз жүрсем,
Басқа пәтер табамын».

«Сау бол» демей кетті көкек,
Өзінше бір ерледі.
Үш ай тұрған пәтерінің,
Ақысын да бермеді.

Аудармашылар: Екатерина Спиридонова, Серікбол Хасан

Балинт Тури орындаған Моника Чиктің өлеңін Мажар тілінде келесі аудио жазбадан тыңдай аласыздар:



Моника Чик: Залазар (Zalazár)

Вираг Кнейп: алып (óriás)

Дуйсебай Нұрайым: тауық (tyúk)

Анна Холло: сақал (szakáll)

Csík Mónika: Zalazár és Tóbiás

Illusztráció: Holló Anna

Kulcsszavak: óriás, taliga, sárkány (алып, арба, айдаһар)

Egyik reggel későn ébredt
Zalazár, az óriás,
óriásit tüsszentett, sőt
jött még három ráadás.

Hapci, hapci, trüttü-trüttü –
trombitálta egy szuszra,
és még hatot hozzáprüszkölt
dallamosan, ritmusra.

„Tíz órakor tíz tüsszentés,
Szent Vendel és Habakukk!” –
örvendezett Zalazár úr:
„Jobb vagyok mint a kakukk!”

Volt ugyanis Zalazárnak
egy órája a falon,
abban egy kis kakukk lakott
albérleti alapon.

Ám a kakukk sose tudta
pontosan, hogy hány óra,
össze-vissza kakukkolt, már
délben mondta: „Záróra!”

Aznap is csak gubbasztott a
kicsi, kék ajtó mögött,
míg Zalazár náthás orral
szipogva öltözködött:

kalapot tett a fejére,
fűből készült fejfedőt,
akkorát, hogy befedhetne
vele egy fél hegytetőt,

lábaira csizmát húzott,
égig ért a csizmaszár,
egyik sarkantyúján sárkány,
a másikon griffmadár.

Szakállát jól kikefézte,
s míg dúdolt egy éneket,
kibogozta a szakállban
rejlő kiflivégeket.

„Lápi kifli, álom-alma,
mocsárpuding, füstleves,
mellé nefelejcspiskóta,
de csak ha jó fűszeres...” –

dudorászott Zalazár, és
mindezt sorra befalta,
tányérjának széléről a
maradékot lenyalta.

Utána meg teavízhez
taligányi kamillát
cipelt be a barlangjába –
üstben főzött gyógyteát.

Piros pettyes bögréjéből
meg is itta hamarost
az egész üstnyi teát, majd
kerített egy papirost.

„Náthás vagyok, ne zavarjál!
Visszafekszem tavaszig.” –
pingálta a papírosra:
„Kelts addig másvalakit!”

Hamarosan horkolt bőszen
ágyában az óriás,
míg az óra meg nem szólalt,
pontosabban Tóbiás.

„Kakukk! Izé. Hány óra van?” –
rikoltozott élesen.
„Tóbiásnak reggeli kell,
nem maradhat éhesen!”

Ám hiába hangoskodott,
kakukkolt a kis madár,
Zalazár csak horkolt egyre,
zengett a völgy, a határ.

„Náthás vagyok, ne zavarjál!
Visszafekszem tavaszig.” –
betűzte a papirosról:
„Kelts addig másvalakit!”

„Szépen vagyunk, Zalazár úr
alszik, én meg éhezek!
Tovább állok egy-két házzal,
nézek új albérletet.”

Úgy elköltözött a kakukk,
azt se mondta: „Jó napot!”
Adósságul hagyott három
fizetetlen hónapot.

Szerkesztette: Fodor Veronika

2021. január 2., szombat

Сәуле Досжан: Нан қайдан келеді?!

 

Суретші: Қанағат Көдеков

Негізгі сөздер: дән, нан, немере (dara, kenyér, unoka)

Атасы мен әжесі дастархан басында немерелерімен тамақтанып отырды. Атасы бір кезде:
– Балалар, кім біледі, дастарханға нан қайдан келеді? – деп сұрады.
Төрт жасар Батухан:
– Әжем дүкеннен әкеледі, – деді.
Алты жасар Иманәлі:
– Наубайханада пісіреді, – деді.
Үш жасар Айзере:
– Нан... нан тәтті! – деді  тамсанып.
Мектепте оқитын немере Әмина ата мен әженің немерелерінің үлкені еді:
– Ауылдан базарға әкеледі, одан біздің дүкенге келеді, – деді.
Атасы бәрінің пікірін мұқият тыңдап алды да, мейірлене күлімсіреп:
– Мен сендерге Айзереш айтқан тәтті нанның қандай қолдардан өтіп, қандай жолдармен, қанша еңбек, маңдай термен ға тиіп, қанша еңбекпен, қандай маңдай термен дастарханға келетіні туралы әңгімелеп берейін, – деді.


Атасы жастыққа шынтақтап жатып, қызыл күрең шайын асықпай ұрттап қойып, әңгімесін бастады:
– Барлық әңгіме Жер-Анамыздан басталады. Күнді айналып жүретін тоғыз ғаламшардың ең құдіреттісі – Жер ғаламшарынан қасиетті де киелі ештеңе жоқ. Оның дархандығы сондай, барлық тіршілік иелеріне өмір сыйлайды, бауырына алып, қорек береді, өсіреді. Адамның жарық дүниеге келіп, көзін ашқаннан тербететін бесігі де, асыраушысы да – Жер-Ана. Біздің ғаламшардың «Жер» атануы тегін емес. Адамның өмірі жермен тығыз байланыста. Жерден өніп шығатын ең қасиетті нәрсе – ас атасы – нан. Нанның жерден өніп шығуына көктегі күн де, қолайлы ауа-райы да, мезгілімен жауып, суғаратын жауын да үлкен ықпал етеді. Көктегі күн бар махаббатымен Жер-Ананы сүйіп, нұрына шомылдырып, жылуына бөлеп, еркелетеді. Мөлдіреген су да жерге нәрін беріп, шөлін қандырды. Сол кезде Диқан-ата егіс басына келіп бусанып жатқан жерді соқамен жырта бастайды. Қазіргі заманда трактормен жыртады. Одан соң жақсылап тырмалап алып, әзір болған егістік алқабына бидайдың дәнін сеуіп шығады.
Ал, бидай деген не?! Бидай – астық тұқымдасына жатады. Түсі–  қызғылт, ақ, кейде қара да болады.  Пішіні – ұршық тәрізді, ішінде қылтанағы бар, беті жылтыр дақыл. Бидайдың тарихы әріде жатыр. Сонау ықылым замандарда, ең алғаш Грекия жерінде өсіріле бастапты. Одан кейін Мысыр мен Қытайда да бидай тағамдар жасаған. Адамдар бидайды тек тағам ретінде ғана емес, сонымен қатар, емдік қасиеттері үшін де ерте заманнан бағалаған. Бидайдың бір талын «дән» дейді.
Міне, сол адаммен бірге жасасып келе жатқан бидайдың дәні  Жер қойнына түскеннен кейін, көктемгі жауынмен бірге сабағы өніп, топырақ бетіне қылтиып шығады. Диқан ата кетпенімен ала жаздай оны баптап, арамшөптен тазартып, көп маңдай терін төгеді. Сол кезде егіс алқабындағы бидай сабақтарының басына дән бітіп, күзде олар әбден пісіп, толысады.  Көктен Күн сүйіп, жел тербетіп, қалың егін теңіздей толқиды. Дән толып піседі. Оны бұрын ауылдың кәрі-жасы орақпен орып алатын. Ал қазір комбайнмен орады. Комбайн бидайды ора жүріп, дәнін бір бөлек, масағын бір бөлек шығарып отырады. Жиналған дәнді арнайы жүк көлігіне лақтырып береді. Ол көлік ауыл ішіндегі қырманға алып барады. Ол жер қазір – элеватор деп аталады. Онда бидайды тазалап, кептіріп шығатын агрегатқа салады. Әбден тазарған қызыл бидайды ұн тартатын диірменге жеткізеді. Ол жерде бидайды ұнға айналдырып, кебегінен бөліп шығарады. Әппақ ұнды сұрыптап қаптарға салады.
Енді көлікке тиелген ұн қаптары азық-түлік дүкендері мен наубайханаларға жол алады. Наубайханаларда ұннан алдымен ашытқы қосып, нан иленеді.  Содан соң иленген қамыр әртүрлі қалыптарға салынып ыстық пештерге орналастырылып, нан болып пісіп шығады. Дайын болған нанды дүкендерге жеткізіп береді. Сол дүкендерден нанды біз сатып аламыз.
Ал дүкенде тұрған шикі ұнды сатып алып аналарың, әжелерің де үйден нан , бауырсақ, шелпек, тәтті тоқаштар пісіреді.
Міне, НАН осылай біздің дастарханға көптеген адамдардың еңбегімен келеді.  Сондықтан нанды қастерлеу керек! Оның қиқымын жерге тастамау керек! Нансыз өмір жоқ! Нан болса – ән де болады! Мен сендерге бір тақпақ үйретейін, жаттап алыңдар,  

Нан қиқымын шашпаңдар,
Жерде жатса, баспаңдар.
Теріп алып, қастерлеп,
Торғайларға тастаңдар! 

– деп атасы нан туралы әңгімесін аяқтады.
Немерелері бұл тақпақты атасынан қайта-қайта сұрап, жаттап алды.

Рита Сечей: ана (anya)

Рита Миклош: үстел (asztal)





Saule Dohszan: Hogyan kerül a kenyér az asztalra?

Illusztráció: Kanagat Kodekov

Kulcsszavak: dara, kenyér, unoka (дән, нан, немере)

Nagyszülők és unokáik éppen együtt falatoztak a terített asztalnál, a dasztarhánnál. Egyszer csak megszólal a nagypapa:
– Gyerekek, tudjátok honnan származik a kenyér?
A négyéves Batukán válaszolt először:
– Nagymama hozta a boltból – mondta.
A hatéves Imanali folytatta:
– A pékségben sütik.
A hároméves Aizere csodálattal mondta:
– Kenyér…, édes kenyér!
Amina, aki a legidősebb unoka volt és már iskolába járt, így szólt:
– A faluból elhozzák a piacra, onnan pedig a boltba.
A nagypapa figyelmesen hallgatta unokáit, és  mosolygott.
– Elmeséljem nektek, milyen hosszú úton megy át az az édes kenyér, ahogy Aizere nevezte, mennyi munka, mennyi verejték míg az asztalunkra kerül!
Nagypapa kényelmesen elhelyezkedett egy párnán, belekortyolt sötét teájába, és mesélni kezdett: