A következő címkéjű bejegyzések mutatása: Duisebuy Nuraiym. Összes bejegyzés megjelenítése
A következő címkéjű bejegyzések mutatása: Duisebuy Nuraiym. Összes bejegyzés megjelenítése

2021. január 25., hétfő

Wéber Anikó: Erdő a tó mélyén

Illusztráció: Bezerédi Zsófia

Kulcsszavak: arc, erdő, tó (бет, орман, көл)

Élt egyszer az erdő szélén, a patak partján egy fiatal lány. Reggelente korán kelt, bevetette fehérpaplanos ágyát, majd a kert végében csordogáló patakot követve kisétált a tópartra. Megmosta a kezét, megmosta az arcát, majd leült, és csak nézte, nézte a tó tükrét. A vízben megismétlődött a kinti világ. Az erdő, a fenyők, a zöld lombok a tóban még szebbnek tűntek, mint körülötte a parton. De a leggyönyörűbbnek az arcát látta. Míg a tóból nagy, csillogó szemek néztek rá vissza, addig az otthoni tükörben, az ablakokon, a patakban vagy a többiek tekintetében sápadt, komor arca volt. Ha elhagyta a partot, és visszament a faluba vagy az erdőbe, az emberek azt mondogatták, a lombok arról susogtak, a madarak azt csiripelték, hogy érte nem fog eljönni a királyfi fehér lovon. Senki sem viszi majd őt aranyos palotába. Ezért szeretett a lány inkább a tóparton ücsörögni. Hiszen a napsütötte hullámok más jövőt jósoltak neki. A víztükörben varázslatosnak látta magát.

Анико Вебер: Көл түбінің сиқыры

Суретші: Жофия Безереди

Негізгі сөздер: бет, орман, көл (arc, erdő, tó)

Ерте, ерте, ертеде, ну орманның шетінде, сылдырлап аққан бұлағы бар көл жағасында бір жас қыз өмір сүріпті. Ол күнде таңертең ерте тұрып, аппақ зығыр көрпесін жинап, бұлақты бойлай орман шетіндегі көлге баратын. Көл суына бетін жуып, судағы бейнесіне тамсана қарап отыратын. Су тұңғиығы оның айналасындағы әлемді мүлде өзгеше етіп көрсететін. Жасыл қарағайдың суға шағылысқан бейнесі шынайы өмірдегіден әлдеқайда әдемі, биік көрінетін. Ең кереметі, суға қараған сәтте қыздың өзінің келбеті де ерекше сұлуланып кететін. Судан оған ботадай мөлдір көзді, ақша бұлттай аппақ қыз қарап отыратын. Үйдегі айнадан оның жүзі мүлде басқа болып көрінетін. Оған үнемі  жүзін мұң басқан, көзінде жарқылы жоқ, боп-боз,  қыз қарап тұратын. Оның осындай сұрықсыз келбеті терезе әйнектерінен де, басқа адамдардың жанарынан да көрінетін.

Көлден кетіп, қыстаққа бет алған кезде адамдар сыбырлап, ағаштар шуылдап, құстар сұңқылдап: «бұл қызға ақ боз атты ханзада ешқашан келмейді, оны ешкім алтын сарайға алып кетпейді», - деуші еді. Міне, сол себепті де ол көл жағасында отырғанды ұнататын. Күн нұрына шомылған толқындар оған басқа болашақты көрсетуші еді. Ол судағы бейнесін қызықтап, бір ғажайыптың боларына сенетін.
«Шіркін, келбетім судағыдай сұлу болса ханзада келіп мені алып кетер еді-ау», - деп көлдегі бейнесінен көз алмай күрсінуші еді. Орманның судағы бейнесі де оған сондай керемет, тылсым құпияға толы көрінетін.
Бір күні ол көлге барып тұрмақ болып шешті. Әуелі еркелеген толқындарға тізесіне дейін кешіп барды да,  бірте-бірте тереңдей берді. Көл суы мойнына жеткен кезде терең тыныс алды да, суға басымен сүңгіп кетті. Бастапқыда су астында ауасыз жарты минут қана шыдағанымен, бірнеше күннен кейін ол демін екі минут бойы ұстап тұратын болды. Осылайша күн сайын суға сүңгіп, көп уақытын су астында өткізетін. Сөйтіп жүргенде орманға күз де келді. Ағаштар алтын, қоңыр, қызыл түсті қамқасын жамылды; емен жаңғақтары тарсылдап жерге төгілді; суық жел бұтақтарды шайқап, жапырақтарды үзді. Тіршілік дамыл тауып, қыстың келуін күтіп жатты. Алғашқы аязбен көлде мұз қатты, енді қыз көлге түсе алмайтын болды. Бірақ ол сонда да күн сайын көлге келіп, айнадай жылтыраған мұздағы бейнесіне қарауын қоймады. Бірақ аяз шымшылған беті қып-қызыл болып көрінуші еді. Енді ол көктемді асыға күтті. Міне, көптен күткен көктем де келді! Қыз көлге қайтадан келіп, уақытының көбін су астында өткізетін болды. Көл түбінен ол тойға баратын арудай жасанған сәнді ағаштарды тамашалап жүрді. Бұл кезде су астында бірнеше сағат жүзе алатын еді.
Жаз келіп, күн ысыған кезде ол көлге біржола көшіп келуді ұйғарды. Әуелі өзімен бірге біраз киімін алып келді. Содан кейін өзен түбіне тарағы мен әшекейлерін салатын сүйікті қобдишасын әкелді. Күн сайын үйдегі заттарды: ыдыстарын, үйдегі ұсақ-түйектерді, тіпті жиһаздарды көл түбіне тасыды. Сөйтіп көл астынан өзіне жаңа үй дайындап алды. Ол су астына айнасын да ала келді. Су астындағы айнадан оның келбеті жердегіге қарағанда әлдеқайда әдемі көрінетін. Қыз өте бақытты еді. Көл оның жаңа мекеніне айналды.
Ол көл түбінде екі жылға жуық тұрды. Ақыры көптен күткен ханзадасы да келді. Ханзада көлдің толқындарына сүңгіп, екеуі бірге жүзіп, бірге ойнай бастады. Қыз арманым орындалды деп қуанды. Тек күндердің бір күні ханзада оны өзімен бірге сарайына ертіп кеткісі келген кезде, жүрегі атқақтап «сарайда айна бар ма?» — деп сұрады.
– Қонақ күтетін және той кештерін өткізетін залдың қабырғасы айнадан жасалған, — деп масаттана жауап қатты ханзада.
– Қап! - деп күрсінді қыз.
– Уайымдама, ол жер саған ұнайды. Сарайдың маңында дәл осы жерден айнымайтын орман бар. Ол жерде өз үйіңдегідей жүресің, - деп оны тыныштандыруға тырысты. Бірақ бұл сөз қызды жұбата алмады.
– Ол жақта көл бар ма?
– Көл жоқ, - деді ханзада. – Бірақ сарай бағы мен орман арқылы өтетін өзен бар.
Қыз қорыққаннан дірілдеп кетті. Ол судан шықса келбетінің судағыдай әдемі болмайтынын білетін. Егер ханзада оны жек көріп кетсе ше? Бірақ ханзада айтқанынан қайтпай, «екеумізді ешкім де айыра алмайды» деп қызды көндіруге тырысты. Қыз оған сенді. Ханзаданың соңынан оның сарайы тұрған алыс орманға еріп барды. Сарайда олар керемет салтанатты үйлену тойын өткізді. Тойға ханзаданың достары мен туыстары келді. Барлығы дәмді ас ішіп-жеп, билеп, жеті күн, жеті түн көңіл көтерді. 
Бірақ үйлену тойынан кейін қыздың көңіл-күйі түсіп, жабырқай бастады. Ол күн сайын қабырғасы айнадан жасалған бөлмелерде серуендейтін. Қай жаққа қараса да ол өзінің бозарған әрсіз әлпеті мен жалынсыз көзін көретін болды. Оған өзінің ұсқынсыз кейпі ұнамайтын. Ол көлден көрінетін бейнесін сағына бастады. Судағы бейнем ғана нағыз сұлу еді, менің нағыз көркім сол еді деп аңсай бастады. Сарайда өзін бетперде киіп жүргендей сезінді. Өзінің шынайы бейнесі көлдің түбінде қалғандай.
Бастапқыда ол бұған назар аудармауға тырысқан. Өйткені ханзада оны сүйетін еді. Күн сайын оның сұлулығын айтып, құлағына сыбырлайтын. Бірақ қыз оның қызметшісінің көзінен үнемі «ханзада мынадай ұсқынсыз қызға қалай үйленді екен? Көзі соқыр болып қалған ба? Әлде мына қыз оны дуалап алған ба?» деген сұрақты оқитын.
Қыз бәрінен түңіліп кетті. Айнаға да, өзіне жақтырмай қараған сұраулы жүздерге де назар аудармайтын болды. Өзгелердің көзқарасы мен айнаны қатты жек көрді.
Ақыры ханзадаға өзінің көлге кеткісі келетінін жасырмай айтты. Ханзаданың көңілі жабырқап қалды. Ол қызбен бірге кете алмайды. Сарайда қалуы керек. Көл түбінде жүріп ел басқара алмайды ғой. Ол қызды сарайда қалдыру үшін барлық жағдайды жасаймын деп уәде берді. Сарайдағы бар айнаны алып тастады, барлық қызметкерді қуып жіберді. Бірақ бәрі бос әурешілік болды, қызды ешнәрсе ұстап тұра алмады. Ол өзінің сұлу жүзін көргісі келді.
Қыз көлдегі бейнесін сағынып, құсалана бастады. Ақыры жылай-жылай ханзадасымен қош айтысып, орманнан өтіп, тау асып, даланы артқа тастап үйіне оралды. Содан кейін бірден көлге тартты. Суға сүңгіп жүзе жөнелді.
Содан бері ол көл түбін мекен етеді. Таң атқаннан кеш батқанша өзінің судағы бейнесіне, аспанға, орманға, жыл мезгілдерінің ауысуына қарап отырады. Бүкіл әлемге көлдің тұңғиығынан көз тігеді.

Аудармашылар: Кинга Людвик-Титтел, Мира Сембайқызы. Редактор: Ділдар Мамырбаева

Дуйсебай Нұрайым: көл (tó)

Ассоль Сас: айна (tükör)

2021. január 5., kedd

Моника Чик: Залазар мен Тобиаш

Суретші: Анна Холло

Негізгі сөздер: алып, арба, айдаһар (óriás, taliga, sárkány)

Әдетінен жаңылысып,
Дәу Залазар кеш тұрды.
Айналаны шуға бөлеп,
Үш, төрт рет түшкірді.

Әпчу, әпчу, труту, труту,
Кернейлеткен сәлем жетті.
Тағы алты рет түшкірді де,
Әуездетті, әуендетті.

Залазар дәу риза болды:
«Вендел, Абаккум – пірлерім!
Он болғанда он түшкірдім,
Көкектен де ерледім».

Үңгіріне Залазар дәу,
Сағат әкеп ілген ед.
Сол сағатты мекен етіп,
Жалдап тұрды бір көкек.

Қызығы сол ол көкектің,
Уақыттан жоқ хабары.
Түс кезінде «Жабылдық» деп,
Ылғи әлек салады.

Тұрды көкек көк есіктің,
Артына кеп тығылып.
Мұрны біткен Залазар дәу,
Асығып жүр киініп.

Көк шалғыннан жасап алған,
Бөркін киді басына.
Алып бөрік алады екен,
Жарты тауды жасыра.

Аяғына киді етігін,
Көк тіреген кемінде.
Біреуінде грифон бар,
Айдаһар бар бірінде.

Сақал тарап, әнге басып,
Жөнге салып арылды.
Қаба сақал арасынан,
Қатқан бәліш табылды.

«Пуддинг, бисквит, бәліш, алма,
Шығып жатыр бәрі де,
Тіпті ішінен тамақ шықты,
Суымаған әлі де» –

Деп әндетіп дәу Залазар,
Барлығын жей бастады.
Жалағандай қып ыдысын,
Жарқыратып тастады.

Арба толы түймедақты,
Үңгірге әкеп шай қылды.
Қазанға сап қайнатты да,
Қарынын бір тойдырды.

Шай ішуге қызыл түсті,
Саптыаяғын қолданды.
Бір қазанын тауысты да,
Ақ парақты қолға алды.

«Сырқаттандым, жақындама,
Көктемде бір оянам». –
Деп жазды ол ақ параққа:
«Басқаны оят, жүр аман».

Жатты да дәу төсегіне,
Тәтті ұйқыға бойлады.
Тобиаштан маза кетіп,
Көкектеп бір қоймады.

«Айтшы көкек! Уақыт қандай?»
Дәу оятты даланы.
«Тобиаштың қарыны ашты,
Әлі құрып барады».

Көкектеді сорлы көкек,
Қалды ақыры мәңгіріп.
Залазардың қорылынан,
Дала кетті жаңғырып.

«Сырқаттандым, жақындама,
Көктемде бір оянам». –
Көзі түсті ақ параққа:
«Басқаны оят, жүр аман».

«Залазар дәу ұйықтап жатыр,
Ашығып мен барамын.
Қой, одан да біраз жүрсем,
Басқа пәтер табамын».

«Сау бол» демей кетті көкек,
Өзінше бір ерледі.
Үш ай тұрған пәтерінің,
Ақысын да бермеді.

Аудармашылар: Екатерина Спиридонова, Серікбол Хасан

Балинт Тури орындаған Моника Чиктің өлеңін Мажар тілінде келесі аудио жазбадан тыңдай аласыздар:



Моника Чик: Залазар (Zalazár)

Вираг Кнейп: алып (óriás)

Дуйсебай Нұрайым: тауық (tyúk)

Анна Холло: сақал (szakáll)

Csík Mónika: Zalazár és Tóbiás

Illusztráció: Holló Anna

Kulcsszavak: óriás, taliga, sárkány (алып, арба, айдаһар)

Egyik reggel későn ébredt
Zalazár, az óriás,
óriásit tüsszentett, sőt
jött még három ráadás.

Hapci, hapci, trüttü-trüttü –
trombitálta egy szuszra,
és még hatot hozzáprüszkölt
dallamosan, ritmusra.

„Tíz órakor tíz tüsszentés,
Szent Vendel és Habakukk!” –
örvendezett Zalazár úr:
„Jobb vagyok mint a kakukk!”

Volt ugyanis Zalazárnak
egy órája a falon,
abban egy kis kakukk lakott
albérleti alapon.

Ám a kakukk sose tudta
pontosan, hogy hány óra,
össze-vissza kakukkolt, már
délben mondta: „Záróra!”

Aznap is csak gubbasztott a
kicsi, kék ajtó mögött,
míg Zalazár náthás orral
szipogva öltözködött:

kalapot tett a fejére,
fűből készült fejfedőt,
akkorát, hogy befedhetne
vele egy fél hegytetőt,

lábaira csizmát húzott,
égig ért a csizmaszár,
egyik sarkantyúján sárkány,
a másikon griffmadár.

Szakállát jól kikefézte,
s míg dúdolt egy éneket,
kibogozta a szakállban
rejlő kiflivégeket.

„Lápi kifli, álom-alma,
mocsárpuding, füstleves,
mellé nefelejcspiskóta,
de csak ha jó fűszeres...” –

dudorászott Zalazár, és
mindezt sorra befalta,
tányérjának széléről a
maradékot lenyalta.

Utána meg teavízhez
taligányi kamillát
cipelt be a barlangjába –
üstben főzött gyógyteát.

Piros pettyes bögréjéből
meg is itta hamarost
az egész üstnyi teát, majd
kerített egy papirost.

„Náthás vagyok, ne zavarjál!
Visszafekszem tavaszig.” –
pingálta a papírosra:
„Kelts addig másvalakit!”

Hamarosan horkolt bőszen
ágyában az óriás,
míg az óra meg nem szólalt,
pontosabban Tóbiás.

„Kakukk! Izé. Hány óra van?” –
rikoltozott élesen.
„Tóbiásnak reggeli kell,
nem maradhat éhesen!”

Ám hiába hangoskodott,
kakukkolt a kis madár,
Zalazár csak horkolt egyre,
zengett a völgy, a határ.

„Náthás vagyok, ne zavarjál!
Visszafekszem tavaszig.” –
betűzte a papirosról:
„Kelts addig másvalakit!”

„Szépen vagyunk, Zalazár úr
alszik, én meg éhezek!
Tovább állok egy-két házzal,
nézek új albérletet.”

Úgy elköltözött a kakukk,
azt se mondta: „Jó napot!”
Adósságul hagyott három
fizetetlen hónapot.

Szerkesztette: Fodor Veronika

2020. december 2., szerda

Egri Mónika: Fényküldötte

Illusztráció: Kőszeghy Csilla


Kulcsszavak: kutya, fekete, vadász (ит, қара, аңшы)


A fényből küldtek
időszámítás előtt nemtudomhányban.
De ki számolja?
Ez csak itt fontos,
ahol fekete vagyok.
Lehetnék fehér is,
de én akartam így.
Nem azért, hogy féljenek.
Csak úgy.
Mert nem számít.
Azt mondták, kellek ide.
Meg azt is mondták, lehetek bármilyen.
Bolondos, bölcs, vagy bölcsen bolondos.
Lehetek sötét, vagy akár sánta,
Vágtázó vadász vagy világvándor.
Úgy döntöttem, ha már
ennyi munkát rakok bele,
akkor leszek mindegyik.
Azt mondták,
legyen a neved kutya,
nem tiltakoztam,
mert jól hangzott.
És most itt vagyok.  

De ember
nem akartam már lenni.

Szerkesztette: Németh Eszter


Egri Mónika versét meghallgathatod az alábbi felvételen, Buza Tímea előadásában:



Miklós Rita: Csont (сүйек)

Miklós Rita: Hajnal (таң)

Duisebuy Nuraiym: Kutya (ит)







Моника Эгри: Сәуле едім

Суретші: Чилла Көсеги

Негізгі сөздер: ит, қара, аңшы (kutya, fekete, vadász)
 

Мені осында жіберді,
Әу бастағы сәуле едім.
Кім санапты ол шақты,
Дәл уақытын білмедім.
Қарасы ма түсімнің,
Маңызды емес ол аса,
Аппақ түс те бойыма,
Кетер еді жараса.
Үрей емес, үлгі үшін,
Мен қаладым қараны,
Қара болды таңдаған,
Көңілімнің қалауы.
Шақырды олар осында,
Қажетсің деп қоймады.
Орындауға келісті,
Таңдауымды ойдағы.
Күрең, тіпті кеміс те,
Ақылды да, аңғал да.
Жүйрік мініп жүйткіп,
Шабар едім заңғарға.
Саят құрған аңшы да,
Жолкезбе де болар ем.
Бұла күштің бойдағы,
Барлығын да салар ем.
Ит бол деді сонда олар,
Аты ұнады, құптадым.
Ұсынысты қабыл ап,
Осында кеп тоқтадым.

Ал адам ше,
Келмейді адам болғым,
ұққаным.

Аудармашылар: Нора Майорош, Нұржан Түменов, Серікбол Хасан