2021. január 5., kedd

Моника Чик: Залазар мен Тобиаш

Суретші: Анна Холло

Негізгі сөздер: алып, арба, айдаһар (óriás, taliga, sárkány)

Әдетінен жаңылысып,
Дәу Залазар кеш тұрды.
Айналаны шуға бөлеп,
Үш, төрт рет түшкірді.

Әпчу, әпчу, труту, труту,
Кернейлеткен сәлем жетті.
Тағы алты рет түшкірді де,
Әуездетті, әуендетті.

Залазар дәу риза болды:
«Вендел, Абаккум – пірлерім!
Он болғанда он түшкірдім,
Көкектен де ерледім».

Үңгіріне Залазар дәу,
Сағат әкеп ілген ед.
Сол сағатты мекен етіп,
Жалдап тұрды бір көкек.

Қызығы сол ол көкектің,
Уақыттан жоқ хабары.
Түс кезінде «Жабылдық» деп,
Ылғи әлек салады.

Тұрды көкек көк есіктің,
Артына кеп тығылып.
Мұрны біткен Залазар дәу,
Асығып жүр киініп.

Көк шалғыннан жасап алған,
Бөркін киді басына.
Алып бөрік алады екен,
Жарты тауды жасыра.

Аяғына киді етігін,
Көк тіреген кемінде.
Біреуінде грифон бар,
Айдаһар бар бірінде.

Сақал тарап, әнге басып,
Жөнге салып арылды.
Қаба сақал арасынан,
Қатқан бәліш табылды.

«Пуддинг, бисквит, бәліш, алма,
Шығып жатыр бәрі де,
Тіпті ішінен тамақ шықты,
Суымаған әлі де» –

Деп әндетіп дәу Залазар,
Барлығын жей бастады.
Жалағандай қып ыдысын,
Жарқыратып тастады.

Арба толы түймедақты,
Үңгірге әкеп шай қылды.
Қазанға сап қайнатты да,
Қарынын бір тойдырды.

Шай ішуге қызыл түсті,
Саптыаяғын қолданды.
Бір қазанын тауысты да,
Ақ парақты қолға алды.

«Сырқаттандым, жақындама,
Көктемде бір оянам». –
Деп жазды ол ақ параққа:
«Басқаны оят, жүр аман».

Жатты да дәу төсегіне,
Тәтті ұйқыға бойлады.
Тобиаштан маза кетіп,
Көкектеп бір қоймады.

«Айтшы көкек! Уақыт қандай?»
Дәу оятты даланы.
«Тобиаштың қарыны ашты,
Әлі құрып барады».

Көкектеді сорлы көкек,
Қалды ақыры мәңгіріп.
Залазардың қорылынан,
Дала кетті жаңғырып.

«Сырқаттандым, жақындама,
Көктемде бір оянам». –
Көзі түсті ақ параққа:
«Басқаны оят, жүр аман».

«Залазар дәу ұйықтап жатыр,
Ашығып мен барамын.
Қой, одан да біраз жүрсем,
Басқа пәтер табамын».

«Сау бол» демей кетті көкек,
Өзінше бір ерледі.
Үш ай тұрған пәтерінің,
Ақысын да бермеді.

Аудармашылар: Екатерина Спиридонова, Серікбол Хасан

Балинт Тури орындаған Моника Чиктің өлеңін Мажар тілінде келесі аудио жазбадан тыңдай аласыздар:



Моника Чик: Залазар (Zalazár)

Вираг Кнейп: алып (óriás)

Дуйсебай Нұрайым: тауық (tyúk)

Анна Холло: сақал (szakáll)

Nincsenek megjegyzések:

Megjegyzés küldése