A következő címkéjű bejegyzések mutatása: Asel Alimbayeva. Összes bejegyzés megjelenítése
A következő címkéjű bejegyzések mutatása: Asel Alimbayeva. Összes bejegyzés megjelenítése

2021. március 5., péntek

Kamshat Nygumanova: A kapzsi király

 

Illusztráció: Asel Alimbayeva

Kulcsszavak: sárgadinnye, vak, vihar (қауын, соқыр, дауыл)

Élt valahol a világon egy kapzsi király. Zord és szívtelen volt, népének panaszait soha meg nem hallgatta. Csak halmozta, halmozta a népétől beszedett adóaranyakat a kincstárban, mégsem volt soha elégedett, hiába nézegette vagyonát. Az emberek eközben éheztek és fáztak.
A király országában élt egy kertész, Öszer volt a neve. Kertjében dinnyét termesztett, abból tartotta el magát. Öszer tudta jól, hogy közeleg az adófizetés ideje. Tudta azt is, hogy a király olyan sok aranyat követel majd, amennyit ő sohasem fog tudni megfizetni. Így hát elhatározta, hogy ezúttal egy fillért sem ad a kincstárnak.
– A király parancsának mindenki engedelmeskedjen! – kiáltott fel dühösen a király, és palotájába hurcoltatta a kertészt.
– Hogy merészelsz ellenszegülni a parancsomnak? – förmedt rá.
Öszer így felelt:
– Felséges Uram, miből etessem gyermekeimet? Nézd, mindössze néhány dinnye a vagyonom!
De a király mit sem törődött Öszer szavaival. Elkobozta dinnyéit, őt pedig engedetlenségéért megkorbácsoltatta.Hazament bánatosan Öszer, és háza udvarán leült a kopár földre. Könnyei megeredtek, és a kertet hamarosan tóvá változtatták. Ki tudja, meddig ült ott, meddig nem, egyszer csak látta, hogy a földből egy palack nyaka mered ki. Óvatosan kiásta, és lám, egy gyönyörűen díszített üvegpalackot talált. Ahogy nézegette, hirtelen vadul süvítő szél tört elő belőle. A kertész megrémült. Kérlelte a szelet, hogy ugyan maradna bent a palackban. A szél azonban tombolt, pusztított, megrendült belé az egész királyság. Az emberek házaikban kerestek menedéket.
Ki tudja, egy napig vagy százig tartott-e a vihar, egyszer aztán elcsendesedett. Amint az emberek kimerészkedtek, elámultak: amerre a szem ellátott, a föld mindenütt arannyal volt teleszórva. A kertész mindjárt jókedvre derült, amikor aranyba borult kertjét megpillantotta. Az arany a király kincstárából származott, és a szélvihar volt, ami a kincseket a magasba emelte, és szétszórta az országban. Futott volna a király a kincsei után, de hiába: a fergeteg őt is magával rántotta, és úgy földhöz vágta, hogy ott helyben megvakult.
A nép megértette, hogy a kapzsi királyokat vaksággal bünteti az ég, és nyomban a szorgalmas Öszert választották uralkodóvá. A kertészből lett király dinnyét termesztett alattvalóinak, akik országát virágzó birodalommá tették.
A megvakított király pedig – úgy mondják –, azóta is forgószeleket üldöz szerte a világban.

Fordította: Nurjan Tumenov, Tóth Lajos. Szerkesztette: Fodor Veronika

Alexandra Zakharova: Kert (бақша)

Камшат Нугыманова: Ашкөздіктен соқыр болған патша

 

Суретші: Әсел Алимбаева

Негізгі сөздер: қауын, соқыр, дауыл (sárgadinnye, vak, vihar)

Бағзы өткен заманда, жер беті бүтін аманда бір елдің ашкөз патшасы болыпты. Патша қатал, мейірімсіз екен.  Халқының мұң-зарымен арызына құлақ аспайды. Патша халқына салық салып, одан түскен пайданы қамбасына құяды. Құйған сайын патша көзіне қамбадағы алтын аз болып көрінеді. Көзі тоймайды екен.Қамбасы алтын теңгеге толып тұрған патшаның халқы ішерге тамақ, киерге киім таппайды екен.
Осы елде Өсер есімді бағбан өмір сүрген еді. Өсер алақандай ауласына қауын егіп,одан түскен өніммен күнелтеді екен.Патшаның салығы Өсерге ауыр тиеді. Келесі салықты патша қамбасына салар кезде келеді. Өсер патша қамбасына бір тиында бермеуге бекінеді.
– Патша бұйрығына бағынбадың – деп Өсерді патша жендеттері сүйрелеп сарайға алып келеді.
Сұсты, қабағы қатулы патша : – Неге бұйрыққа бағынбайсың – дейді.
Өсер болса: –  Хан ием ! Аз ғана қауынымды қамбаға берсем балаларымды қалай асыраймын –  дейді.

2021. január 27., szerda

Ділдәр Мамырбаева: Айна

 

Суретші: Әсел Әлімбаева

Негізгі сөздер: айна, астау, тарақ (fatál, fésű, tükör)

Алуа айнаға қарай бергісі келеді. Күлсе, айнадағы Алуа да күледі, қабағын көтерсе де, тілін шығарса да айна-қатесіз қайталайды. Көзін жұма қойды. Қайта ашқанынша «Айна ма, тарақ па?» - деп көзін біреу басып тұр. Сыртынан сипалап еді, саусақтары нәп-нәзік.
– Қарлығаш, сенсің бе? Ойнап тұрған бала жауап бермеді.
– Айна ма, тарақ па? – нәзік саусақты жіңішке дауыс танымасын дегендей үнін өзгерте қайта сұрады.
– Айна!
– Көзің жайна! – деп босатып жіберді.

Әжесіне еріп келген Қарлығаш екен. Бүгін Алуаның апасы Жәнібекті бесікке салады. Қонақтар соған жиналып жатыр. Сәбидің жастығының астына қоямыз деген айнаны Алуа бағана сұрап алған. Қарлығашқа соны көрсетті. Мөлтілдеп, мөлдіреп тұр. Екеуі бас түйістіре қарап еді, бейнелері айнаның бетіне шыға келді. Киген көйлектері де сол қалпында көрінді.  Кетік тістері кетиіп еркелей қарайды.  Екі қыз емініп тағы қарады. Алуа қолына ұстап, қозғап-қозғап жіберіп еді, астауға құйған күмістей көлкілдеді де, бейнелері толқынның арасында қалғандай бір көрініп, бір көрінбеді. Алуа айнаның бетіне су тамызды. Моншақ секілді дірілдеп, айналасында сәуле ойнады.
Қарлығаштың әжесі ел-жұртқа аяулы, ұрпақты бәйбіше. Жәнібекті бесікке сол кісі бөледі. Төсегін, жастығын, бауын, шүмегін, түбегін түгендеп болып, енді оттың табы тұрсын деп, бесіктің арқалығын қызған темірмен білінер-білінбес етіп қарып-қарып алды.
– Жастығының астына қоятын айна, тарақ, пышағын әкеліңдер! – деді. Алуа қолындағы сыртқы бетіне күміс жалатқан, өңірі өрнекпен жиектелген айнаны бермес бұрын, «қарашы-қарашы!» деп нәрестенің бетіне тақаған.
– Тәйт, өйтпе, баланы айнаға қаратпайды! – деп апасы Алуаны бесіктен әрірек жерге ығыстырды.
– Не болады? – Бұртия қалды. Жәнібек туғалы апасы  мұны бұрынғыдай еркелетпейтін секілді. Бар-жоғын ұмытып кеткендей.  Енді бесіктің жанына жақындатқысы келмейді.  Ойнатайын деп еді, апасы онысын да артық көріп тұр.
– Тілі шықпай қалады. Кейін есі кіргенде қарайды айнаға!
– Онда неге басына жастайсыз? Алуа апасының қабағынан қаймығады. Елдің  көзінше тілін шайнап, шолжаңдай берсе артынан сөз еститінін де біледі. Сөйте тұра көптен бері өзіне жылы сөз айтпаған апасының еркелеткенін  сағынғанын, бауырына басып иіскелегеніне аңсары ауып тұрғанын бұртиған түрінен аңғартып, ернін шүршите дүрдиді.
Бесіктің арқалығына тұмар тағып жатқан апасы бұған елжірей қарады. Жанын үзіп беруге шақ тұр. Апасының көңілінің өзіне бұрылғанын аңғарған Алуа неше күнгі өкпесін алға тартып, қиқаңдап, бұртаңдап кетті.
– Онда неге басына жастайсыз деймін? - деп сұрағын нығарлай қайталап қойды.
– Айнаны айнадай таза, алыстағыны болжағыш болсын деп жастайды баланың басына. Бұл айна ақсүйектер мен ханшалар ғана қолына ұстай алатын қат дүние болған кезінде. Қазір көп болған соң ғой, қадірі кетіп тұрғаны. Жәнібектің басына жастаған күміс айнаны менің әкем кезінде бақалшыдан бір тайға сатып алыпты. Шешеме берерде: «Бұған күліп жүргеніңде ғана қара, ашуланып жүргенде көзің түссе шайтан көрінеді» деп қорқытып қойыпты. Анам соған өлердей сеніп, көңілді кезінде ғана қолына ұстайды екен. Кейін маған бергенде де  осыны аманаттаған.
Айна бір қаланың жұртын жаудан аман алып қалған, ол әңгімені асықпай айтып беремін, - деп Алуаны бауырына басып, ұйпа-тұйпа шашынан иіскеледі. Жәнібекті қырқынан шығарарда суға салған құмалақтың иісі ме, үйдің ішінен дала лебі аңқығандай болды. Жастығы да, төсегі де апасы болып, балалық пен еркеліктің бесігіне бөленді де, тербетілді.
Көз алдынан сағымдар көшуде. Апасы Жәнібекті тербете отырып, әңгімесін бастап кетті.
... Бұл өзі алыс, бізден тым алыс елде, баяғыда болған оқиға. Сол жерде тау басына салынған  астауға ұқсайтын ескі қамал бар екен. Оның жеті қабат мұнарасы ғажап дейді. Мұны бір кезде араб әмірлері бағындырып алса, олардан кейін Иран шахы шабуылға ұшыратқан.
Аладин шах осы қамалда ғұмыр кешкен сұлу, өзі ақылды бір  әйелдің атағына ынтық болып, соғыс кезінде сол әйелді беріңдер деген шарт қояды. Ол бір сыйлы адамның жары болғандықтан, қала халқы оны бермейді. Сонда шах: «Егер сол әйелді көзіме бір көрсетсеңдер, онда қала халқын қоршаудан босатамын» дейді. Сонда шеберлер көп айна жасап, бір айнадан екінші айнаға әйелдің жүзін түсіріп, шахтың дәл алдына көрсеткен екен. Әйелдің сұлулығына тамсанған шах соғысты тоқтатып, әскерін кері алып кетіпті. Қаланың айна жасаушылары кескін беретін айна бетіне алтын мен қола қосқан. Сонда айна бейнені әлденеше есе әдемі етіп көрсеткен.
Міне, сөйтіп айна әдемілікті одан сайын сұлуландырып, соғыстың тоқтауына себепкер болыпты.
Біз білмейтін бір патшаның анасы айнаның бөлшектерімен безендірілген көйлек тіктіріп киген. Ол жүргенде жарықпен шағылысып, айналасына нұр шашыратқан.
– Қандай тамаша! Жәнібектің басына жастаған күміс айнаны кейін маған бересіз бе?
– Беремін, күнім. Дегенмен айнаға сүзіліп көп қарай беруге де болмайды. Кезінде қазақтар оны сиқыршыға тән нәрсе деп бағалап, қолдарына көп ұстай бермеген. Ай толған кезде сәулесіне тосып, күндіз күннің көзінен жасырып қойған.
– Неге?
– Балам, айнаға қарашы, кімді көріп тұрсың?
– Өзімді.
– Олай қарасаң да - өзіңсің, былай қарасаң да  өзіңсің. Өзін көре  берген адам өзін патша сезініп, өзімшіл болып кетеді.
– Енді сыртқа қарашы, не көріп тұрсың?
– Ағаш бұтағындағы бозторғайды.
– Тағы нені байқадың?
– Күн шуағын. Апа, апа! Қарашы! Күн шуағы ағаш бұтағындағы бозторғайды шомылдырып жатқан секілді. 

Кати Боди: тарақ (fésű)

Кати Боди: айна (tükör)


Кати Боди: нәресте (csecsemő)

Dildar Mamyrbayeva: A tükör

Illusztráció: Asel Alimbayeva

Kulcsszavak: tükör, fatál, fésű (айна, астау, тарақ)

Alua teljesen odavolt azért a tükörért, folyton magát nézegette benne. Amikor nevetett, a tükörképe is visszanevetett rá, amikor felhúzta szemöldökét vagy kiöltötte nyelvét, a tükör ugyanazt mutatta. Aztán hunyorított. De amikor ki akarta nyitni a szemét, valaki befogta, és ezt kérdezte:
– Tükröt vagy fésűt?
Megérintette a szemét eltakaró kezeket. Lágyak és puhák voltak.
– Te vagy az, Karlygash? – kérdezte, de a csínytevő nem válaszolt.
– Tükröt vagy fésűt? – kérdezte újra az elváltoztatott hang.
– A tükröt!
– Nyisd ki a szemed! – mondta a hang, és a kéz elengedte a lány szemét.