A következő címkéjű bejegyzések mutatása: Aisulu Almasbayeva. Összes bejegyzés megjelenítése
A következő címkéjű bejegyzések mutatása: Aisulu Almasbayeva. Összes bejegyzés megjelenítése

2021. március 17., szerda

Sátorbontás - Сөзотаумен қоштасу

 

Kalas Zsuzsa: Szósátor / Калаш Жужа: Сөзотау

Kedves Olvasó,

2020 novembere óra ünnepelünk – ekkor kezdtük bemutatni az Író Cimborák blogján a Szósátor - Kazak-magyar gyerekirodalmi műhely alkotásait. Azóta izgalmas utazásban és nagy kalandban volt részünk: távoli tájakat, emberek, meséket ismerhettünk meg. De a legnagyobb kaland is véget ér egyszer. Bontjuk a sátrat, amely alatt annyi mesét hallgattunk. Összehajtogatjuk a ponyvát, lebontjuk az oszlopokat, feltekerjük a szőnyegeket. A holminkat ládába pakoljuk, a ládát szekérre, és elhajtunk egy új legelő felé, ahol újra sátrat verünk. Egy ideig majd arról is elmondhatjuk: otthon.

Bár véget ér a téma, reménykedünk benne, hogy a jövőben a műhely alkotásait más formában, például kiállításon, kiadványban is viszontláthatjátok.

Nagyon sokan dolgoztunk a témán Kazahsztánban és Magyarországon is, hosszú lenne felsorolni, hányan. Minden alkotónak és résztvevőnek hálával tartozunk, amiért időt áldoztak a közös munkára, és köszönettel, amiért alkotásaikkal szerkesztőként dolgozhattunk. Időközben teljessé vált a Szósátor tartalomjegyzéke és impresszuma, itt az összes bejegyzést, és a résztvevők listáját is megtaláljátok. Ezzel búcsúzunk, és várunk vissza, kedves Olvasónk, időzz el gyakran az alkotások között!

Szeretettel,

Zaure Torekhan és Majoros Nóra

Aisulu Almasbayeva: Lány/ Айсұлу Алмасбаева: қыз

Құрметті оқырмандар,
 
2020 жылдың қараша айынан бастап Сөзотау – Қазақ-Мажар балалар әдебиеті шеберханасы  Мажарстандық Жазушы достар блог платформасында сан алуан шығармаларды назарларыңызға ұсынды. Төрт ай бойы ертегілер еліне ұмытылмастай саяхат жасап, алыс жерлерді көріп, жаңа есімдерді тауып, хикая-өлеңдерді тыңдап, дүниетанымды кеңейтіп, керемет бір күй кештік. Қандай ұзақ сапар болса да бір күні аяқталады, біздің Сөзотау шеберханасының  жұмысы да өз мәресіне жетті. Біз киіз-текеметтерімізді буып, сандықтарымызды түгендеп, керегелерді жинастырып, бәрін де арбаға тиеп жатырмыз. Алдымызда жаңа ізденістер, жаңа жобалар күтіп тұр. Қайтадан Сөзотауымызды құрып, «үйімізге жеттік-ау!» дегенше сіздермен уақытша қоштаса тұруға мәжбүрміз. 
 
Шеберхана жұмысы аяқталса да, шығармаларды, суреттерді басылымдардан, көрмелерден  кездестіруіңіз мүмкін. Біз күні-түні тынбай осы бағытта жұмыс істеудеміз.
 
Осы жоба бойынша Мажарстан мен Қазақстанда шығармашыл  адамдардың тобы тынымсыз еңбек етті, қатысушыларға  бірге жұмыс істеуге уақыт бөлгендері үшін алғыс айтамыз. Олардың аударма саласындағы,  редактор ретіндегі білімдері  бізді қуантты. Біз барлық шығармаларды топтастырып, Мазмұны деп аталатын бет дайындадық. Келесі сілтемеден қазақ және мажар тіліндегі барлық шығармаларды таба аласыздар. Одан балаларыңызға, немере-шөберелеріңізге ұнаған шығармаларды оқып беруіңізге болады. Сондай-ақ, Сөзотауға қатысушылардың тізімі толық берілген. Ендеше, «келесі кездескенше, қымбатты оқырмандар!» дегіміз келеді!
 
Ізгі тілекпен,
 
Нора Майорош және Зауре Төрехан

2021. március 9., kedd

Ребека Пот: Бұлттан өрілген құрақ

 

Суретші: Эдит Туза

Негізгі сөздер: қорап, бұлт, мамыр айы (doboz, felhő, május)

...Шын мәнінде, дауыл жақындап қалған еді. Бірақ ол дауыл соғып, найзағай жарқылдайтынын алдын-ала болжаған жоқ. 
Дауыл көтерілген кезде ол түнгі ауысымда жүрді. Дауылдың қатты соққаны сондай, ол мінген велосипедті ұшырып алып кетті. Үсті-басы малмандай су болды. Қымбат костюмінен су сорғалап ақты. Көзілдірігі судан ісініп кеткен бауына ілініп тұрды, ал аяқ киімі шылқ-шылқ етіп, су өткен тесік қайықты еске түсірді.
Әрине, ол кешігіп қалды. Жанжал шықты. Ол бәрін түсіндіруге тырысты, жалынды, тіпті жылап та жіберді, бірақ одан ештеңе шықпады. Ол ашуланып, қолындағы таяқшасын сындырып алды. Сынған таяқшаны лақтырып жіберіп, есікті тарс жауып шығып кетті.
Әрине, ол көрермендерді ең алдымен ауа-райы қызықтыратынын түсінеді. Бірақ табиғаттың қалай құбылатынын, найзағай ойнайтынын-ойнамайтынын ол халыққа айтуы керек еді…
Келесі күні оны жұмыстан шығарып жіберді.
Иә, оны, теледидар алдына көптеген көрермен жинаған, осы қаладағы ең мықты метеорологты! 
Жұмыстан шығарып жібергенін естігенде ол қатты қиналды. Өзін қор сезінді, тынысы тарылды.
Аяғын ілбіп басып бара жатып, болған жағдайды жүрегіне жақын қабылдағанын, өзінің қатты кетіп қалғанын түсінді. Бәрінің ойламаған жерден болғаны сондай, ол өзін-өзі ұстай алмай қалған еді. 

Бірнеше күн бойы өзіне-өзі келе алмай жүрді. Ас батпады, ұйқы да келмеді.
Үшінші күні іші шұрылдап, қарны ашқанын сезді. Мамыр айы. Күн шуақты болатын. Ал ол үстел басында тұнжырап отыр… Үнсіз отырып тамақтанды. Әйелі оны жігерлендіргісі келді. Тамақтан кейін қып-қызыл боп піскен құлпынайды үлкен тәрелкеге толтырып салып, үстіне  сүт тартқыштан жаңа алынған дәмі тіл үйіретін қою қаймақ құйып берді. Сол-ақ екен, аяқ асты оның жүзі жайнап, орнынан атып тұрді. Бұлттардың коллекциясы! Ол енді коллекцияны сақтамайды!
Шыны жәшіктер дәріханадағы сөредей әп-әдемі боп қатар-қатар сап түзеп тұр. Жаңбыр бұлттары; жаңбырға дейінгі және жаңбырдан кейінгі сетінеуік бұлттар; батып бара жатқан күн сәулесіне шомылған бұлттар; күннің таңғы сәулесі түсіп, жарқыраған бұлттар; мақта кәмпитке ұқсас будақ бұлттар; сирек және қалың ұшпа бұлттар; шарбы бұлттар; ыдыраған шағырмақ бұлттар; көктем және күз мезгіліндегі шөкпе бұлттар... Бәрінің латынша атауы әдемі жазумен жазылған. 
Оларды сұрыптап отырып, оның көңіл-күйі көтерілді. Ойына әр нәрсе түсті. Коллекцияны тығып қоюға болмайды. Егер коллекцияны қаладағы Метеорология мұражайына тапсырса халық келіп көреді... Оны қайтадан құрметтей бастайды.  Енді жексенбі сайын отбасымен демалғанда итбалықтарды тамақтандырып, пілдерді жуындырмайды. Маған керегі осы – коллекция! Әлі біраз жұмыс істеп, оны дұрыс дайындау керек.
Жұмысқа беріліп кеткені сондай, бірнеше күн бойы бөлмесінен шықпады. Оның осыншама тұйықталып кеткені әйеліне ұнамады. Ол тәнсіз, тұманға айналып кеткендей. Көшеге де шықпады. Бір қызығы, сол күннен кейін аспанды бұлт торламады. Көкпенбек болып тұрса да, көңілсіз көрінді. Күн көзі де күңгірт, керенау секілді.
Қалада әңгіме ететін ешқандай ерекше оқиға да болмады. Бұрын көрші-көлем ауа-райын талқылау үшін бір-бірінің үйіне жиі қонаққа баратын. Аяқ асты күннің жылынатынын немесе күн суытса тізенің сырқырайтынын айтып шағымдануға таптырмайтын мүмкіндік еді. Қазір енді оларға әңгіме ететін ештеңе қалмаған секілді. Бір-бірімен үнсіз бас изесіп амандасудан әрі аспады. Жұрт метеорологты, оның әңгімесін сағынды. Оның аяқ асты көрінбей кеткеніне алаңдады.
Бір күні олар метерологты іздеп барды. 
Олар есікті қаққанда, әйелі ашты. Шай үстінде ол соңғы уақытта күйеуінің немен айналысып жүргенін білмейтінін айтты…  Мына сөзге бәрі алаңдап қалды. Әйелдер «не болып қалды екен» дегендей бір-біріне иек қақса, ер адамдар жағы күбір-күбірге көшті. Бұл бір түсініксіз жағдай болды. Сол сәт осы үйдің кішкентай қызы қонақ бөлмеден шығып, әкесінің жұмыс бөлмесіне кіріп кетті. Бөлмеге кіріп барған ол жан-жағына таңдана қарады. Шыны жәшік ішіндегі түрлі-түрлі бұлттарды көрді. Қандай керемет жұмсақ әрі үлпілдек бұлттар!
Ол қонақтар отырған бөлмеге жүгіре кіріп, ешнәрсе түсіндірместен, анасын сүйрей ала жөнелді. Анасы жұмыс бөлмесінің алдына жеткенде тоқтай қалды. Бөлмеге рұқсатсыз кіріп баруға ыңғайсызданды. Бірақ күйеуінің осыншама уақыт бойы бұл бөлмеде немен айналысып жүргенін білгісі келіп, қызына еріп ішке кірді. Кірді де, ол да қызы секілді аузын ашып қарап қалды.
Өз көзіне өзі сенбеді. Көз алдындағы ерекше коллекцияны асықпай қарап, сыртындағы жазуын күбірлеп оқып шықты...
Қонақтар да құпия бөлменің есігінің алдына топырлап келіп қалған еді. Олар да таң-тамаша болып бөлмеге кірді.
– Рози, бұл оның бізден жасырып жүргені ме? – деп сұрады олар жан-жақтан.
– Оның бұл әрекетін түсінбеймін, осыларға құмартады да тұрады... Бұлардың не керегі бар? – деп кілт тоқтады әйелі. – Шаң жинағаннан басқа...
– Бұлардан құрақ құрайықшы! – деген ұсыныс айтты қызы.
Анасы қызын тиып тастады.
– Бұл бала дұрыс айтып тұр! – деді егде жастағы әйел. – Шынымен біз неге бұдан құрақ құрамаймыз?! Осылайша болған жағдайға байланысты көзқарасымызды білдіреміз. Олардың оны осылай жұмыстан шығарып жібергені дұрыс па?.. Қалай ойлайсыңдар?
Олар түні бойы құрақ құрады. Таңға жуық мөлдір түсті гобеленге ұқсас құрақ дайын болды. Әйелдер беті-қолдарын жуып, үйлеріне қайтты. Ендігі кезек ер адамдардікі. Бүкіл қала толқыды. Ер адамдар мықты, ұзын ағашпен мөлдір түсті құрақ гобиленді шет-шетінен іліп алып, аспанға көтерді.
Сол сәт ерке жел соғып, бұлттан өрілген құрақты биікке алып кетті. Түрлі-түсті құрақ желпілдеп көкте бұлттан өрілген шексіз поэзия секілді жеңіл жүзіп бара жатты. Ол көк жүзін түгел жауып, аспанмен астасып, нақ өзі секілді боп көрінді де ыдырап кетті. Ішкі жағы қою түсті, ал сырттай қарағанда көгілдір түсті боп көрінді. 
Бір сәт құс үні тынып, жылы жаққа ұшып бара жатқан қарлығаштар да қонақтады. Адамдар да аспаннан көз алмады. Олар бұрын-соңды дәл осындай құбылысты көрмеген еді. Ғажайып көрініс бара-бара кішірейіп, аспанға сіңіп көзден ғайып болды.
Ғажайып көрініс ұзаққа созылмады. Бұлттың табиғаты сондай. Олар бір орында тұрмайды, үнемі өзгеріп отырады. Бұлттардан өрілген құрақ та бірте-бірте ыдырап кетті. Бұйра әрі қою бұлт бара-бара сетінеп, түссіз реңкке енді. Сетінеуік бұлт бірте-бірте тамшыға айналды. Сөйтіп бар бояуы, әдемілігі еріп кеткендей, шексіз-шетсіз аспанға сіңіп кетті. 
Осы бір ғажайып сәттің куәсі болған адамдар осы құбылысты ешқашан ұмытпады. Әлі күнге дейін сол күнді, аспан әлемін ғажайып өрнек жапқан күнді еске алып тұрады.
Ал коллекционерді сол күйі әлі ешкім көрген емес...

Аудармашылар: Илдико Витман, Адина Жүсіпова, Редактор: Ділдәр Мамырбаева

Кати Боди: бұлт (felhő)

Айсұлу Алмасбаева: құпия (titok)

Айсұлу Алмасбаева: түн (éjszaka)

Póth Rebeka: Légvárak

 

Illusztráció: Tuza Edit

Kulcsszavak: doboz, felhő, május (қорап, бұлт, мамыр айы)

A sértettségtől nem kapott levegőt. Még hogy pont őt rúgják ki! A város legjobb meteorológusát, akiért nézők egész serege ül le a televízió elé esténként!
Tudja ő, hogy az időjárásért is, de az ő gesztusai nélkül nem lenne érthető, micsoda erők örvénylenek, csapnak össze, milyen fergeteges égiháború van közeledőben.
...és közeledett is, de ezúttal nem akkor, amikorra eltervezte. Mert ugye ezt nem ő tervezi.
Épp az esti műszakba igyekezett, mikor vihar csapott le rá eszeveszett robajjal. Elkapta, és egyszerűen kitekerte alóla a biciklit. Bőrigázott. Drága öltönye csöpögött, szemüvege szára lekonyult. Cipőjében, mint egy léket kapott csónakban úszott-tocsogott a vizes zoknija.
Persze nem ért be időre. Botrány volt. Hiába magyarázott, kérlelt, kiabált, nem használt semmi. Mérgében kettétörte magyarázó pálcáját, a földre dobta, és bevágta maga mögött az ajtót.
Másnap kirúgták.

2021. március 7., vasárnap

Smelka Sándor: Szélhárfa

 

Illusztráció: Szüdi János

Kulcsszavak: bátor, hangszer, vihar (батыр, саз аспабы, дауыл)

A pusztában épült városról azt mesélték, hogy nagy volt és dicsőséges. Erős falak védték széles utcáit, palotáit, díszkertjeit és fellegvárait. A piacain minden kincs fellelhető volt, amit a pusztából érkező zajos karavánok hoztak a távoli országokból: arany, drágakő, egzotikus gyümölcsök, könnyű selymek, éles kardok, csillogó ékszerek, meg még egy rakás olcsó kacat, limlom is, amit az emberek nem is igazán tudtak mire használni
Szóval, nagyon pöpec hely volt ez a város, ÁM (mert minden mesében van egy nagy „ám”) azt is mesélték, hogy ott sose fújt a szél, de még egy szellőcske se járt arra. A nagyon öreg emberek azt mondták, nekik még a nagyszüleik mesélték, milyen is volt az a szél, ahogy a nők hajával, hosszú szoknyájával játszadozott, ahogy lengtek a faágak, nyikorogtak a szélkakasok a tornyok tetején. És a legfontosabb: akkor még meg-megszólalt a város legmagasabb tornyában lógó szélhárfa. Egykor ez a szélhárfa volt a város ékessége és híressége. Állítólag olyan csengőn-bongón zenélt, hogy messzi országokból is érkeztek vándorok, hogy hallhassák a hangját. Mesénk idején azonban már több mint száz éve néma volt – szél híján.

Шандор Шмелка: Дүние – ғайып

Суретші: Янош Сүди

Негізгі сөздер: батыр, саз аспабы, дауыл (bátor, hangszer, vihar)

Шөл далаға салынған қаланың үлкен әрі даңқты екені көп жұртқа мәлім. Кең көшелері мен сарайларды, ғажайып бақтарды биік әрі бекем етіп салынған қамалы қорғайды. Қала базарларынан алыс елдерден керуен әкелген таңсық заттарды сатып алуға болады, олар: алтын, асыл тастар, экзотикалық жемістер, жібек маталар, өткір қылыштар мен қанжарлар, зергерлік бұйымдарға қоса түрлі ұсақ-түйек заттар.  
Бір сөзбен айтқанда, бұл қала өте ыңғайлы жерге салынған, бірақ бұл қалада ешқашан жел соқпайды, құс ұшпайды, тып-тынық. Тіршілік айрандай ұйып қана ұйықтап жатқандай. Ата-әжелердің өзі ата-бабаларының желдің шын мәнінде не екенін, шағаланың шарқ ұрған қанатындай қыздардың жібек шашын  желбірететінін, тал-теректі, бұтаны теңселтіп, үйдің төбесінде ойнақ салғанын ертегідей әңгімелейтін. Ең бастысы, сол заманда қаладағы ең биік мұнараның басына ілінген арфа үні ара-тұра естіліп қалады екен. Бір кездері бұл аспап қаланың мақтанышы боп даңққа бөленіпті. Оның әуезді үні алыс-алыс елдерден келген саяхатшылардың жүрегінің шыңырауын баурапты. Біз осы әңгімені айтып отырғаннан  жүз жыл бұрынғы ұрпақ оны естімеген. Себебі жүз жылдан астам уақыт бұрын да бұл маңда жел тұрмаған.Осылайша қалада жүз жылдан бері жел тынып, жапырақ сілкінбей тыныштық орнады. Шатырдағы желбағарлар ысқырып, ағаштар мен бұталар шайқалмады, базардағы жібек маталар желден желпілдемеді, қабырғаға ілінген жалаулар желбіремеді, тіпті қыздардың жібек шашын жел желпілдетіп ойнамады. Қаладағы ең биік мұнараның басына ілінген арфаның жүз жылдан бері үнсіз тұрғаны қала халқын жалықтырып жіберді.  
Алайда бір күні ай толған кезде аңызақ дала терең күрсініп, бұрын-соңды болмаған дауыл көтерілді. Мұндай дауылды қаладағы жасы ең үлкен деген  қарттың өзі де көрмеген еді. Жел желкенін желбіретіп соңғы жүз  жылда алғаш рет әткеншектерді жұлқа тербетуді, жалауды желбіретуді, бұтақтарды шайқап, жылқының жалын тарауды ұмытып кеткені есіне түскендей, есесін қайтарғысы келгендей долдана құтырды. Дауыл екпінінің ызбарлануы сонша, тек бұтаны ғана емес ағашты түбірімен жұлып, тіпті үй шатырларын қаңбақша ұшырды. Желбағарлар шыр көбелек айналып, дауыл қаланы түгел құмға көміп тастады, бұрын-соңды көрмегенді көрсетті. 
Адамдардың аңыраған бұрқасынды қызықтауға мұршасы келмеді, жертөлелерге тығылып жан сауғалады. Қала тіршілігі табиғаттың мұндай сынына шыдамады. Үйі қирап, далада қалғандарға көмектескен ер жүрек адамдар да болды. Дәл осы адамдар дауылдың шуылына қарамастан соңғы жүз жылда алғаш рет арфаның керемет әуенін естіді. Бұл әуен олардың адамгершілігіне орай берілген сый іспетті еді.  
Дүние бір қалыпты тұрмайды. Арада аз уақыт өткенде арфаның сазды үні бұл адамдарды жалықтырып жіберді. Оның дыбысы ашуға тиетін болды. Бір күні дауыл басылғанда, шатырдағы желбағардың да үні шықпай қалды, тал-терек үн-түнсіз тіршілігін жалғастырды. Үй шатырының қирағанын айтпағанда, дауыл салған ойран, ең биік мұнараның басындағы арфа аспабының қиын кезде қолдау көрсетіп, сазды үнін әуелеткені тәтті естелік болып есте қалды. 

Аудармашылар: Эрика Xисем, Адина Жүсіпова. Редактор: Ділдәр Мамырбаева


Жолт Микя: жел (szél)


Aйсұлу Алмасбаева: жел (szél)

2021. március 4., csütörtök

Viharfújók és szélfodrozók / Дауыл тудырушылар мен жел үрлеушілер

 

Szoboszlay Eszter: Kék / Эстер Собослай: көк

Nézd, nagymama milyen nyugtalan! Lesodorja az asztalról a poharat, máskor meg csak kering a sátorban, vagy felfelé tekint, mintha a sűrű nemezen át látná a csillagos eget. Nagymama szívében vihar fúj és szél fodrozódik. Ő már sokszor átélte, hogy elsárgul a legelő, elfárad a fű, arrébb vonul a nyáj. Lassan elbontjuk a sátrat. De még itt időzünk egy kicsit, hallgassuk meg nagymama meséit a viharfújókról és szélfodrozókról!

Ne felejtkezz el a korábbi játékainkról! Ha van kedved, még befogadunk pályamunkát, a következő témákban:

Kétlábúak és soklábúak
Ifjak és vének
Játékos kedvűek és korgó gyomrúak
Harcosok és álmodozók
Művészek és uralkodók

A játékra életkortól és lakóhelytől függetlenül bárki jelentkezhet, de egy jelentkező egy pályamunkát adhat be.
A leadott pályamunka formátuma: jpg vagy pdf
Leadási határidő: 2021. március 10. 20:00
A pályamunkát ide küldd: iro.cimborak@gmail.com
A levélben írd meg a neved, a lakóhelyed és az életkorod.

Aisulu Almasbayeva: Lepke / Aйсұлу Алмасбаева: көбелек

Әжеміз бүгін  абыржулы! Дастарханды жинап, соңғы кесені кесеқапқа салды, қобалжығаннан киіз үйдің ішінде әрлі-берлі жүрді де қойды. Жоғары қарайды, түңлікті  емес, жұлдызды аспанды көргендей. Жүрегі алай-дүлей. Ол жаздың орнын күз басатынын, жасыл шөптер сары түске боялатынын, құстар жылы жаққа ұшатынын біледі. Біздің де Сөзотауымыз аяқталуға жақын, киіз үйді асықпай жинап, заттарымызды тиеп жатырмыз. Біздің де бұл жерден кеткіміз жоқ, әжеміздің көк дауыл керуені мен сырғауылды сырқыратқан, түндікті желпілдеткен жел көші туралы  ертегілерін жолаяқ алдында тыңдап көрелік!

Біздің ойындарды ұмытпаңыздар! Суреттеріңізді салып, бізге жіберіңіздер, соңғы мүмкіндікті жіберіп алмаңыздар! Ойындардың шарттары келесі сілтемелерде:

Екі аяқтылар мен көп аяқтылар
Жастар мен Қарттар
Ойынпаздар мен ашқарақтар
Күрескерлер мен қиялшылдар
Суретшілер мен ел билеушілер

Кез-келген адам жасына және тұрғылықты жеріне қарамастан ойынға сурет жібере алады, бірақ ойынға тек қана бір каллиграмманы ұсына алады.
Сурет форматы jpg немесе pdf болуы керек.
Мерзімі: 2021 жыл 10 наурыз, сағат 24:00 дейін
Өз суретіңізді осында жіберіңіз:
kemenger.sandyq@gmail.com
Хатта өз атыңызды, тұрғылықты мекеніңізді және жасыңызды жазуды ұмытпаңыз