Дарья Карелова: жарық (fény) |
Мағиза Құнапияқызы: Тамшы
Негізгі сөздер: тамшы, теңіз, көздің жасы (csepp, tenger, könny)
Балалар ойланыңдар,тамшы жайлы,
Шөлдеген гүлдерден ол,хал сұрайды.
Тентек болып,қалсаңдар төбелесіп,
Сол тамшы,көздеріңнен тамшылайды.
Бұлттардың көрдіңдер ме,жылағанын?
Тамшысынан жаңбырдың су ағады.
«Тама-тама көл болар» дейді қазақ,
Теңіз де тамшылардан құралады.
Тамшылаған уколдың көмегімен,
Науқас адам,қалпына келе білген.
Тама-тама тамшы су,тасты тескен,
Ғалым болар қиындыққа төзе білген.
Дина Майлина орындаған Мағиза Құнапияқызының өлеңін Мажар тілінде келесі аудио жазбадан тыңдай аласыздар:
Йоханна Бертоти: қуаныш пен уайым (Öröm és bánat) |
Суретші: Акош Бейкефи |
Агнеш Месуи: О, тамшылар, тамшылар!
Негізгі сөздер: ес, су, ән-күй (ész, víz, zene)
О, тамшылар, тамшылар,
Бірін бірі қамшылар.
Арық болып толысып,
Сыңғырлаған ән шығар.
Толтырып арық жылғаны,
Дария боп жырлады.
Күлім қақты көгеріп,
Ен даланың қырлары.
Құшаққа алып өзенді,
Кең жазира безенді.
Күн де жебе кірпігін
Жер бетіне кезенді.
Көгеріп дала құмдағы,
Су сарқырын тыңдады.
Салқын самал сыбырлап,
Еңіс жақты ымдады.
Шалқып келіп дария,
Теңізді құшты сағына.
Бірігіп ап екеуі,
Айтып жатты ария.
Құйылды өзен тасқындай,
Қарсы алды теңіз жатсынбай.
Сарқырағаны баяулап,
Қосылған сулар ақсын жай.
Қандай кең теңіз құшағы,
Аспанға өзі ұқсады.
Қиялым қоса шарықтап,
Ғарышқа қарай ұшады.
Ой менен сөз жарысып,
Барады көкте табысып,
Ғаламшар тіпті маржандай
Қиялым кетер ары ұшып.
Ағып келген тамшылар,
Теңізде де бар шығар.
Молайғанда тамшылар,
Жағалау да жаншылар.
Аудармашылар: Вилмош Коппани, Нұржан Түменов, Нұрдәулет Ақыш
Марианн Таллиан орындаған Агнеш Месуидің өлеңін Мажар тілінде келесі аудио жазбадан тыңдай аласыздар:
Кати Боди: тамшы (csepp) |
Рита Миклош: тамшы (csepp) |
Nincsenek megjegyzések:
Megjegyzés küldése