2020. december 23., szerda

Алтыншаш Жақиянова: Талпыну

Суретші: Имола Юлианна Сабо

Негізгі сөздер: сурет, сөз, сан (kép, szó, szám)

Хабарсыз ешбір нәрседен,
Өмірге келген жас сәби.
Даналар сүрген өмірде,
Күнәсіз таза пәк сәби.

Тұманды көзі мұнартып,
Көреді әрең бір сұлба.
Суреттерді ашық қабылдап,
Қарайды кейін жылтырға.

Әпіл-тәпіл басқанда,
Епсіз сәби құлардай.
Шығарып дыбыс әртүрлі,
Кемсеңдеп кейде жылардай.

Жасырынбақ ойнайды,
Санамағын санайды.
Сурет салып, сөз сөйлеп,
Дүниеге қарайды.

Адам Давидтің “Сурет, сөз, сан” өлеңінің желісімен жазылған өлең

Аудармашылар: Эрика Xисем, Алтыншаш Жақиянова. Редакторлар: Бабақұмар Хинаят

Балаш Лазар орындаған Адам Давидтің өлеңін Мажар тілінде келесі
аудио жазбадан тыңдай аласыздар.



Габриелла Гийолай: отбасы (család)

Габриелла Гийолай: періште (angyal)

Nincsenek megjegyzések:

Megjegyzés küldése