Oldalak

2021. március 5., péntek

Камшат Нугыманова: Ашкөздіктен соқыр болған патша

 

Суретші: Әсел Алимбаева

Негізгі сөздер: қауын, соқыр, дауыл (sárgadinnye, vak, vihar)

Бағзы өткен заманда, жер беті бүтін аманда бір елдің ашкөз патшасы болыпты. Патша қатал, мейірімсіз екен.  Халқының мұң-зарымен арызына құлақ аспайды. Патша халқына салық салып, одан түскен пайданы қамбасына құяды. Құйған сайын патша көзіне қамбадағы алтын аз болып көрінеді. Көзі тоймайды екен.Қамбасы алтын теңгеге толып тұрған патшаның халқы ішерге тамақ, киерге киім таппайды екен.
Осы елде Өсер есімді бағбан өмір сүрген еді. Өсер алақандай ауласына қауын егіп,одан түскен өніммен күнелтеді екен.Патшаның салығы Өсерге ауыр тиеді. Келесі салықты патша қамбасына салар кезде келеді. Өсер патша қамбасына бір тиында бермеуге бекінеді.
– Патша бұйрығына бағынбадың – деп Өсерді патша жендеттері сүйрелеп сарайға алып келеді.
Сұсты, қабағы қатулы патша : – Неге бұйрыққа бағынбайсың – дейді.
Өсер болса: –  Хан ием ! Аз ғана қауынымды қамбаға берсем балаларымды қалай асыраймын –  дейді.

Өсердің сөзін түсігісі келмеген патша  бағбанның қауындарын тартып алады. Бағбанға патша сөзіне бағынбадың деп дүре соқтырып жазалайды.
Өсер астан-кестені шығып жатқан бақшасына оралып, бос жатқан топырақ үстіне отыра кетеді. Көз жасы көл болады. Аз отырды ма, әлде жоқ па белгісіз, бір уақытта топырақ  астында жатқан шишаның шетін көреді. Ақырындап суырып еді , әп-әдемі безендірілген құмыра екен. Ішінде не бар деген оймен тығынын суырып қалғаны сол ысқыра шыққан желдің үні мен күші адам ұшырар желден шошынып, жерге жата қалады. Бұл жойқын дауыл еді. Дауыл бүкіл патшалықты үрейлендіріп, бар – жоқтыны ұшыра бастайды. Адамдар үйлеріне тығылып қалады.
Бір күн соқты ма , әлде жүз күн бе белгісіз, біруақытта дауыл басылады. Далаға шыққан халық жерде шашылып жатқан алтын теңгелерді көреді.  Бағбанда бақшасында шашылған алтындарды көріп қуанады. Бұл алтындар патша қамбасынан еді. Дауылдың дүлей соққысы патша қамбасын аспанға көтеріп, алтындарын шашып жіберіпті. Алтындарына жүгіремін деген патшаны дауыл соғып, екі көзі көр соқыр болып қалған екен.
Халық ашкөз патшаға соқырлық берілген жаза деп түсініп, патша орнына еңбекқор Өсерді хан сайлапты. Өсер қол астындағы халқына қауын өсіртіп, елін бай-қуатты патшалыққа айналдырыпты. Соқыр болған патша болса көзін қайтармаққа ел кезіп, жер кезіп дауылды іздеп жүр деседі.

Александра Захарова: бақша (kert)


Nincsenek megjegyzések:

Megjegyzés küldése