Oldalak

2021. március 13., szombat

Река Жужанна Шимон мен Алтыншаш Жақиянованың өлеңдері

 

Суретші: Рита Миклош

Река Жужанна Шимон: Жарықшақ  (проза-өлең)
Жолт Микяның туған күніне арналады 

Негізгі сөздер: қар, жамылғы, бұршақты жаңбыр (kar, köntös, zúzmara)

Ағашқа салынған жұлдызды көктің суреті, 
Монах шапанын жамылған періште бейнесі. 
Бақтағы жартасты жапқан бозкілемге түскен қыраудың жалғыздығы.
Ағаштар дұға сыбырлар ‒
Құшақтарында Құдай тыншыған, 
Қабықтарының астында көктемгі аяз.
Ащы жел иығымызға қонып, 
Ақшам жарылып, жарықшаққа айналған.

Аудармашылар: Раушангүл Мұқышева


Азамат Адал: аспан (ég)


Алтыншаш Жақиянова: Шытынаған аяз
Река Жужанна Шимон «Жарықшақ» өлеңінің желісімен жазылған өлең

Негізгі сөздер: қар, жамылғы, бұршақты жаңбыр (kar, köntös, zúzmara)

Ағаш біткен ұқсайды,
Жұлдызды бір аспанға.
Сақылдаған сары аяз,
Сықырлайды басқанда.

Күлгін бешпет киінген,
Бір періште бейнедей
Жартаста тұр бозкілем,
Жалғыздықты бейнелей.

Ағаштар да күбірлеп,
Дұға еткендей балқиды.
Жаратушы ағаштың,
Білегінде қалғиды.

Аяз құрсап қабығын,
Тұншықтырған жай аз ба?!
Үгітердей тұзды да,
Шытынайды аязда.

Үнсіз аспан жаймалап,
Ақ мамығын төгеді.
Үскірік жел аймалап,
Бетімізден өбеді.

Күн батқанда меңіреу
Басталады тыныштық.
Көзден ғайып болатын,
Бұл көрініс - тым ыстық!

Аудармашылар: Нұржан Түменов, Бабақұмар Хинаят


Кати Боди: бұршақты жаңбыр (zúzmara)

Nincsenek megjegyzések:

Megjegyzés küldése