Oldalak

2021. február 27., szombat

Агнеш Тот: Көк түс, жаз және күз туралы өлең

 

Суретші: Юдит Зенговари

Негізгі сөздер: көк, жаз, күз (kék, nyár, ősz)

Жағасында теңіздің
Көк үйлер мен көк қала.
Көк нандар ұннан піседі,
Наубайшы пешін жаққанда.

Көк ит және көк мысық,
Қара көк даңғыл жолдарын.
Тұмсығы көк кебіспен
Тебемін көкшіл тастарын.

Қаракөк аспан тәрізді
Қанаттары торғайдың.
Көздері бейне шегіргүл
Солғынкөк түсті аспаптан,
Көк әуен ғана ойнайтын.

Көк түсті сия секілді,
Көк өрік әлде алхоры.
Алжапқышындай анамның,
Таңбалы бұршақ көк түсті.

Тұра ғой Пишта, – дейді анам,
Дауыстап қоңыр үнімен.
Ұйықтадың дейді көк даққа,
Басыңды қойып жейдемнің.

Шынымен ұзақ ұйықтаппын
Бөлмеде салқын, көк суық.
Шулайды аралар ызындап,
Далада, бірақ жаз алтын.

Желбіреп шашы тот басқан,
Күз келер  жақын арада.
Қоңыр түспен қапталған,
Күздің бояуы ол – талшын.

Аудармашылар: Эрика Xисем, Камшат Нұғыманова


Балинт Тури орындаған Агнеш Тоттың өлеңін Мажар тілінде келесі аудио жазбадан тыңдай аласыздар:




Қайрат Жәйірбек: күз (ősz)

Вираг Кнейп: орман (erdő)


Nincsenek megjegyzések:

Megjegyzés küldése