Oldalak

2021. január 23., szombat

Лехел Киш: Қанаттар жайылғанда

Суретші: Кати Боди

Негізгі сөздер: кілем, зират, шексіз (szőnyeg, temető, végtelen)

Құдайды жарылқа!
Құдайды жарылқа! 
Отыр ол, шындық  пен қасиетті  тақта.
Астында оның шексіз аспан, 
Дөңгеленген жарқын Күн.
Дөңгелейді шексіз, есебі оның жоқта.

Күнді  айналып, момақан бұлт үйірімен жайылған.
Бағыт сілтеп, әсем әнмен жел оларды қайырған
Жел өтінде жартастай боп, киіз үй тұр бозарған.
Астында жер, толы зират тіршілігі тоналған.
Жан, жануар сүйектері ыңыранып, жылай ма?
Әлде олар іздейді ме, армандарын жоғалған?

Төрт аяқпен жерді тарпып, тыпыршиды  сұр жорға,
Тағалы аяқ, сүйектерден бос жер бар деп, қарай ма?
Ескі кілем жабуы бар, жабуға әкем жайғасқан.
Биялай киген қолда бүркіт томағасы жарасқан.
Томағасын сыпырғанда, бүркіт  жайып қанатын 
Шексіз аспан аясында, Құдайға жақын баратын.

Қанаттары жайылғанда, тілеген нәсіп Құдайдан.
Таза  аспанда, орындалар шексіз арман сұранған.
Пайдалана білмеді ме, Құдай берген талапты?
Қабілеті бола тұра, қоянменен оралған... 
Жаратылыс заңдылығын бұзылмайтын бұзбаңыз!
Құдай жақын биіктікке, құзырынан  озбаңыз!

Аудармашылар: Екатерина Спиридонова, Жарқын Утешова


АБалаш Лазар орындаған Лехел Киш өлеңін Мажар тілінде келесі аудио жазбадан тыңдай аласыздар.


Акош Бейкефи: қанат (szárny)

Акош Бейкефи: көкжиек (láthatár)

Акош Бейкефи: шынар (platánfa)


Nincsenek megjegyzések:

Megjegyzés küldése