Oldalak

2021. január 14., csütörtök

Янош Джеймс Сөтси: Сөз ойын

Суретші: Гөзө Дудаш
Негізгі сөздер: бөкен, шыжық, шұбат (tatárantilop, töpörtyű, tevetej)

Құрыш тоқаш асаған темір мысық,
Қарбыз жейді періште көзін қысып.
Итмұрынға әуес-ау естелі өрнек,
Жалын асап, айдаһар барады ысып.

Заңсыз жегеніне қарамастан,
Киік шіркін қалағанын ала қашқан.
Жегені жауынгердің – жалғыз тоқаш,
Түйе үшін түйе сүті – нағыз тоқ ас.

Бөлтіріктің дәмді асы  лақ болар,
Тоқаш жесе бозбала, құрсақ толар.
Емшек емген нәресте шаршады ма,
Соғады сорпа менен самсаны да.

Қалжыраған қайыршы итозып отыр,
Шыдамай, аяқтарын созып отыр.
Қойған асқа қарамас бейшараны
Қайғының өзі жұтар көзі соқыр.

Кімнің нені жейтінін ақын шешер,
Тізімді ұзынсонар көзі тесер.
«Аш қарын жұбана ма майлы ас жемей»,
Еріксіз елең қағып, үйге безер.

Аудармашылар: Пал Хегедуш, Нұрдәулет Ақыш









   
Балаш Лазар орындаған Янош Джеймс Сөтсидің өлеңін Мажар тілінде келесі аудио жазбадан тыңдай аласыздар:



Аңсаған Мұстафа: алма (alma)

Nincsenek megjegyzések:

Megjegyzés küldése