Суретші: Андреа Демени |
Негізгі сөздер: есік, мең, жетім (ajtó, anyajegy, árva)
Анашым, кофе дағы да
қататын есік бетіне
ұқсай ма менің меңіме?
Ашылатын бір тынбай,
анасы бар ма есіктің,
жетім боп әлде қалдыма-ай?
Ұйқысын қиып анашым
таңертең ерте ол тұрар.
Ілесіп оның артынан
тынымсыз есік сықырлар.
Анамнан қалмай мен -дағы
таңертең ерте тұрамын
есіктің мына шиқылын
жеп қоймайды неге мына күн?
Анашым, күн көрінсе
бар емес пе оның аяғы?
Терезеден төгіліп
аймаласа жақтауын
көремін неге тек нұрын,
сеземін тек жылуын?
Сонау көкте бұлттар да
жүзетін жалғыз қалықтап
біздің есік сияқты
өзі жетім, өзі аппақ.
Көз талдырып қарасам
секілді көктің секпілі,
ұқсайды кейде меңіме
қап-қара нөсер төктірді.
Сіркіреп жаңбыр жауғанда
қалады күн де тығылып
Естимсіз, анашым
жауын жауып өткенде
кемпірқосақ шығады
бөлмемізден жүгіріп.
Аудармашылар: Изабелла Надь, Мира Сембайқызы. Редакторы: Бабақұмар Хинаят
Ольга Цай: есік (ajtó) |
Жарқын Утешова: Бала арманы
Зита Мураньидің өлеңінің желісімен жазылған өлең
Ағылшыннан аударған: Мира Сембай. Редактор: Бабақұмар Хинаят
Тимеа Буза орындаған Зита Мураньидің өлеңін Мажар тілінде келесі аудио жазбадан тыңдай аласыздар.
Nincsenek megjegyzések:
Megjegyzés küldése