Oldalak

2020. december 4., péntek

Изабелла Надь: Шаһар сыртында

Суретші: Кристина Марош

Негізгі сөздер: aт, биік, көгал (ló, magas, mező)


Сыртында шаһар жүрміз біз.
Бозбала бойшаң қасымда
Көктем келді , көк түлеп,
Салқындықтан қалмады із.

Бұртиған бүршік бұтақта
Бозбаладай сүйкімді.
Ару көктемім келді деп,
Бозбала отыр күлімдеп...

Күн шапағы аймалап,
Шаттық  нұрын төгеді.
Ат жалын тарап, бозбала,
Алма беріп еркелетеді.

Жануарда сүйсініп,
Жақындайды сүйкене.
Қолынан ұстап, бозбала
Айналамыз бір денеге.

Ауа толы шіркейлер,
Қоңыз да ән салады.
Әлде неге таласып,
Торғайлар шоқысып қалуда.

Жан-жануар оянып,
Көктемді қарсы алуда...
Жанымда биік бозбала,
Жүрегіме көктем қонуда...

Аудармашылар: Изабелла Надь, Нұржан Түменов, Жарқын Утешова


Марианна Таллиан орындаған Изабелла Надьтің өлеңін Мажар тілінде келесі аудио жазбадан тыңдай аласыздар:



Чилла Көсеги: үйір жылқы (ménes)

Чилла Көсеги: салт атты (lovas)

Чилла Көсеги: қымыз (lótej)


Nincsenek megjegyzések:

Megjegyzés küldése