Oldalak

2020. december 20., vasárnap

Нора Майорош: Ертегілерден жасалған шатыр

 

Суретші: Жофия Варга  

Негізгі сөздер: әке, шатыр, жел (apa, sátor, szél)

Таң әлі атқан жоқ, таңертеңгі самал жел баяу соғып тұрды. Әкем менімен бірге жүресің бе деп сұрады. Мен оның тізесіне жайғасып алдым да, көзімді уқалап, ұйқыдан әрең ояндым. Әкемнің қолын сипадым. Оның қолындағы шаш жұмсақ шөп тәрізді. Мен саусақтарыммен оның қолында жүріп, өзім құдды бір көғалда жүргендей қиялдатынмын.
– Сен қайда барасың?
– Шатыр тігуге барамын.
Біз алқапқа бірге келдік. Ол жерге отыра кетті, бірақ менің анам, ағам, досым немесе мен сияқты малдас құрып отырмады, ол аяқтарын екі жағына "У" әрпі тәрізді жайып қойды. Мен көбелектердің артынан жүгірдім, шегірткелерді аулап, гүл жинадым. Ол жан-жағына қарап, бірдеңені тыңдағандай болды да, ыңылдап өлеңдетті. Содан кейін біз үйге қайттық.


Келесі күні таң атқанда, таңертеңгі самал жел тұрып, әкем мен онымен бірге барғым келе ме деп сұрады. Мен оның тізесіне отырдым да, біршама ыңғайланып алдым.
– Сенің қолың көкорай шалғын сияқты.
– Ал сен оның үстінен өтетін жел сияқтысын.
Біздер далаға бірге бардық. Ол жерге "У" әрпі тәрізді отыра кетті. Сен шатырды қайда құрмақ ойың бар деп сұрадым. Ал сен болсаң, ол шатырды қайда құрар едің деп сұрады.
– Анау жерде, әдемі ағаш өсіп тұрған жерде.
– Жоқ, ол болмайды. Қарашы, ол алқаптағы жалғыз ағаш емес пе. Ол ағаш бүркіттерге керек, олар ағаш басына қонып, алқапты жоғарыдан бақылайды. Егер тым жақын шатыр құратын болсақ, оларды қорқытып аламыз.
– Онда анау жерде, төбе бөктерінде жарқырап тұрған көлдің жанында.
– Ол да болмайды. Көл айна сияқты ғой. Аспан оны өзіне таңдану үшін пайдаланады. Егер оған тым жақын орналассақ, онда аспан ұялып қалып, бетін қалың бұлтпен жауып қояды.
– Ал сен қай жерді таңдар едің?
– Төбешіктің жоғары жағында, жел өз қалауы бойынша онымен ойнай алатын жерде.
Содан кейін біз үйге қайттық.

Келесі күні таң атқанда, таңертеңгі самал жел тұрғанда, біздер алқапқа қарай кеттік. Әкем жерге "У" әрпі тәрізді отыра кетті. Ойланып, іштей жоспарлай отырып, ол жел арбаушы сияқты ауада сурет салды. Шатыр қандай болатынын сұрадым. Ал сен оны қалай салар едің деп сұрады.
– Кең етіп салатын едім.
– Қаншалықты кең?
– Барлық отбасымызбен бірге сия алатындай етіп.
– Түнде үлкен шатырда қорықпайсың ба?
– Тек жалғыз болсам және жел шатыр брезентімен ойнаса ғана.
– Анау алыста тұрған тауларды көріп тұрсың ба? Сен менің қолымды ұстағандай, олардың шыңдары аспандағы бұлттарды әлпештейді. Таулардың қойнауы терең, егер осындағы шалғынды алқапты бүктесең, ішіне сыйып кетеді. Шатыр осы тау шыңдарындай болуы керек.
Мен оның тізесіне отырдым да, біршама ыңғайланып алдым. Біз тауларға қарадық та, үйге қаттық.

Келесі күні, күш шықты, самал жел тұрды, ал біз орманға бардық. Балталарды алдық. Әкем үлкен биік ағашты нұсқады. Ол ағашты неге таңдап алғанын сұрадым. Ол мен одан не көргенімді сұрады.
– Ол биік және түзу тұр.
– Жел оны қоғалта алады ма?
– Ия, қозғалта алады, бірақ ағашты құлата алмайды.
– Ол кең шатыр құруға жеткілікті деп ойлайсың ба?
– Отбасымыз түгел сыйып кете алады.
– Онда біз осыны аламыз, ол шатырдың негізгі тірегін құрайды.
Мен кішкентай балтамды көтердім, ал әкем маған ескерту жасады:
– Қарашы, ағаштың жанында кішкентай екі жасар ағаш тұр. Аяғыңды аңдып бас, оны сындырғың келмейді ғой. Біз ескі ағашты кескен кезде, бұл жас ағаш аспанға қарай созылып, биік және күшті болып өседі.
Мен басымды изедім, сөйтіп екеуіміз де ағаш шаба бастадық. Менің шпқаным кішкентай және әлсіз еді, ал әкемдікі үлкен және күшті болды. Ағаш құлаған кезде, біз оның жанына барып демалдық. Содан кейін біз бұтақтарын кесіп тастап, төбешікке ұзын, күшті ағаш діңін шығардық. Жел арқамызға соғып, бізді алға қарай итермеледі. Біз жұмысты аяқтаған кезде, қараңғы түсті. Біз жұлдыздарды аздап бақылап, содан соң үйге қайттық.

Келесі күні таң атып, жел жаңбырды айдап әкелді. Біз үйде қалдық. Әкем ауада салған суреттерін келесі күні қағазға түсірді. Ол шатырды қалың ағаш тәрізді және бұлттарды еркелеткен тау тәрізді етіп салды. Мен көбелектерді, шегірткелерді, гүлдерді салдым. Анам брезент орамын әкелді, әжем тігінші қайшысын әкелді. Әкем жерге "У" әрпі тәрізді отыра кетті. Ерінін қысып ысқырғандай болып, ол брезенттен ұзын жолақтарды кесіп алды. Содан соң анам ол жолақтарды қосып бірге тікті, ал әжем күңкілдеді, себебі әкем тігінші қайшысын сындырды. Кешке мен брезентке жатып, өзімді жұмсақ ұяда жатқанымдай сезіндім. Сол жерде ыңғайланып, тәтті ұйқыға баттым.

Келесі күні біз таң атпас бұрын тұрдық. Біз брезентті үлкен сөмкеге, ал арқандарды, бауларды, бағаналар мен бұрандаларды екіншісіне салдық. Олардың барлығын алқапқа алып бардық. Таңертеңгі самал жел көтеріліп, бізді қуып жетіп, төбешік бауырымен бізді жоғарыға қарай итерді, ол жерде бізді ағаш діңгегі күтіп тұрды. Мен оның қасында отырдым да, әкемнің қолын сипағандай, төбешіктің шөп арқасын сипаладым. Мен ол жерге ыңғайланып алғанша, әкем шұңқыр қазып, ағаш бағана тұрғызып, оны арқанмен жерге байлады. Ағаш бағана ормандағы ағаштар сияқты сенімді және күшті болды, ал жел қанша тырысса да, оны орнынан жылжыта алмады.

Содан соң әкем бағаналарды алып, ағаш діңгегінің айналасына үлкен шеңбер етіп жерге қақты. Бұл жұмысты аяқтағаннан кейін ол жолақтардан тігілген брезентті төседі. Бұл менің анамның әдемі үйірілген белдемшесі сияқты еді. Әкем жел арбап, ауада сурет салғандай, қолын сілкіп жіберді. Жел брезентті көтеріп, желкендей толтырып, жазып алды, бірақ ұшырып кете алмады. Жел брезентті көтерген кезде, әкем оны жерге байлап қойды. Алдымен аспанды сипалау үшін ағаш бағананың жоғарғы жағына, содан кейін шөпті сипалау үшін бағаналарға қадады. Брезент мықтап тартылды, барлық алыс таулар шатырдың дайын екенін еститіндей етіп, мен оның үстінен даңғырлап соқтым.

Қараңғы түсті, бірақ біз үйге қайтпадық. Әкем екеуміз шатырға жайлы қоныстандық. Біз көрпе жайып, үстіне отырдық. Мен көзімді жұмдым. Астымда көрпем, үстімде шатыр бар. Көрпенің астында төбешік, шатырдың үстінде аспан. Шатырдың ішінде армандар менің көзімді әлпештеді, шатырдың сыртында жел сөздерді сыбырлағандай, кенепті әлпештеді. Жел не туралы сыбырлайтынын сұрадым. Ол менен не естігім келетінін сұрады.
– Әкем шатырды қалай құрғаны жайында естігім келеді.
– Ол шатырды қайда құруы керек еді?
– Алыстағы таулар көрінетін төбешікте.
– Шатыр қандай болуы керек еді?
– Бүкіл отбасымыз сыйып кете алатындай кең болуы керек.
– Ол неден жасалуы керек еді? Ағаш пен кенептен бе?
– Ол төбешіктен, көлден, орманнан жасалуы тиіс еді. Ол желден жасалуы тиіс еді. Содай-ақ ол көкжиектегі алыс таулар сияқты берік тұруы керек… ол ертегілерден жасалуы керек еді

Аудармашылар: Анна Голсон, Эмма Майорош, Зауре Төрехан. Редакторлар: Виктория Рет, Ділдар Мамырбаева


Аңсаған Мұстафа: балта (balta)

Жолт Микя: ағаш (fa)





Nincsenek megjegyzések:

Megjegyzés küldése