Oldalak

2020. december 2., szerda

Моника Эгри: Сәуле едім

Суретші: Чилла Көсеги

Негізгі сөздер: ит, қара, аңшы (kutya, fekete, vadász)
 

Мені осында жіберді,
Әу бастағы сәуле едім.
Кім санапты ол шақты,
Дәл уақытын білмедім.
Қарасы ма түсімнің,
Маңызды емес ол аса,
Аппақ түс те бойыма,
Кетер еді жараса.
Үрей емес, үлгі үшін,
Мен қаладым қараны,
Қара болды таңдаған,
Көңілімнің қалауы.
Шақырды олар осында,
Қажетсің деп қоймады.
Орындауға келісті,
Таңдауымды ойдағы.
Күрең, тіпті кеміс те,
Ақылды да, аңғал да.
Жүйрік мініп жүйткіп,
Шабар едім заңғарға.
Саят құрған аңшы да,
Жолкезбе де болар ем.
Бұла күштің бойдағы,
Барлығын да салар ем.
Ит бол деді сонда олар,
Аты ұнады, құптадым.
Ұсынысты қабыл ап,
Осында кеп тоқтадым.

Ал адам ше,
Келмейді адам болғым,
ұққаным.

Аудармашылар: Нора Майорош, Нұржан Түменов, Серікбол Хасан


Тимеа Буза орындаған Моника Эгридің өлеңін Мажар тілінде келесі аудио жазбадан тыңдай аласыздар:




Рита Миклош: сүйек (csont)

Рита Миклош: таң (hajnal)

Дуйсебай Нұрайым: ит (kutya)




Nincsenek megjegyzések:

Megjegyzés küldése